2 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы қаралады. Трансляция PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook, Twitter, ВКонтакте әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Қазақстан Үкіметі Telegram-каналында жүреді.

10.30-да «Жұмбақтас» қонақ үйінде Қазақстанның Астық одағы дөңгелек үстел өткізеді.


Соңғы жаңалықтар