+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

2 тамыз. Туған күн иелері

2021 жылғы 2 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
2 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 2 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

74 жыл бұрын (1947) мемлекет қайраткері Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов дүниеге келді.

Көкшетау облысы Чистопол ауданының Луганка ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын Көкшетау облысы Червонный кеңшарындағы МТШ слесар болып бастаған. 1966-1967 жылдары – Көкшетау облысы Червонный кеңшарының слесар, тракторшы ал кейіннен механигі; 1968 жылы – Целиноград қаласы «Қазақауылшаруашылығы машиналарын жасау» зауытының №7 цехы металөнімдері учаскесінің шебері; 1968-1970 жылдары – Көкшетау облысы Рузаев № 81-ші ауылшаруашылығы кәсіптік-техникалық училишесінің өндірістік оқыту шебері, комсосмол ұйымының хатшысы; Бірқатар жылдар бойы коммунистік партияның Көкшетау облыстық комитетінің ұйымдастырушылық-партиялық қызметінде болды. Кейіннен Көкшетау облысы әкімі аппаратында, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратында қызметтер атқарды. 1998-1999 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Рузаев ауылшаруашылығы тәжірибе станциясының директоры, «Қоғалажар» ЖШС директоры; 2000-2003 жылдары – Ақмола облысы әкімінің Шаруашылық басқарамасы МКҚК басқарма бастығы; 2003-2013 жылдары – Ақмола облыстық маслихатының Аппарат жетекшісі; 2013-2014 жылдары – Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі; 2014-2015 жылдары – Мемлекеттік және банк пен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподақтары Ақмола филиалының төрағасы; 2015-2016 жылдары – Қазақстан Коммунистік халық партиясының хатшысы. 2016-2021 жылдары – ҚР Парламент Мәжілісі VI шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі

69 жыл бұрын (1952) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің басшысы Махмұд Базарқұлұлы ҚАСЫМБЕКОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Шу қаласында туған. Білімі жоғары, математика пәнінің мұғалімі, экономист, саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1969 жылы Шу қаласындағы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте бастады. 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының математика факультетін, 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау-экономикалық факультетін, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1973-1976 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты комсомол комитеті хатшысының орынбасары, кейіннен хатшысы болып істеді. 1976-1983 жылдары Фрунзе аудандық, Алматы қалалық және облыстық комсомол комитеттерінің хатшысы, республика комсомолы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1983-1990 жылдары Алматы облыстық және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде еңбек етті. 1990 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинеті Аппараты, кейіннен Мемлекет басшысының Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі. 1996 жылдың наурызынан - Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің меңгерушісі, ал кейіннен бастығы қызметін атқарды.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылғы наурыз айында кірісті.

М.Б.Қасымбеков 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялаған, ол - 25-ке тарта кітаптың авторы, телавторы және құрастырушысы.

Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», ІІІ дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен, 7 медальмен марапатталған.

65 жыл бұрын (1956) «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Викторович ЛЮТОВ дүниеге келді.

1983 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

1973 жылы Целиноград жол-құрылыс материалдары комбинаты және ТБК, дәнекерлеуші-арматурашы. 1983 жылы - «Целиноградтяжстрой» тресі, «Отделстрой» құрылыс басқармасы шебер, прораб, учаске бастығы. 1985 жылы - «Целиноградсельмаш» өндірістік бірлестігі, Күрделі құрылыс басқармасының бастығы. 1988 жылы – «Целиноградтяжстрой» тресінің. «Проминдусстрой» құрылыс басқармасында қызмет етті, 1992 - 1996 жылдары - «Целиноградстройинвест мемлекеттік фирмасының бас директоры. 1996 - 1998 жылдары – «Целинстрой» ҚК бас директоры. 1998 ж. – ҚР Сыртқы істер министрлігі. 2006 жылы Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің директоры, 2008 жылы «Астана қаласы Құрылыс басқармасы» ММ бастығы болып тағайындалды. 2015-2019 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болды.

2019 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

57 жыл бұрын (1964) Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Кенжешұлы ӘБДІХАЛЫҚОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын және Д.А.Қонаев атындағы университетті тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданы Мамай кеңшарында бас мал дәрігері ретінде бастаған. 1988-1999 жылдары Бурабай (бұрынғы Щучье) ауданының Мәдениет кеңшарында директор, Юрьевск кеңшарында директор болып жұмыс істеді. 1999-2008 жылдары салық, қаржы полициясы, ҚР ІІМ органдарында қызмет атқарды. 2008-2018 жылдары ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволарында түрлі жауапты лауазымдарда істеді. 2018-2019 жылдары «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың шілдесінен.

49 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы Асқар Қуанышұлы ЖҰМАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Орынбор облысында туған. Свердловтағы Суворов училищесін, Харьков ракета әскерлерінің жоғары командалық-инженерлік училищесін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Лозаннадағы Швейцария Федералды технология институтының электронды басқару бойынша шебер дәрежесі бар (Ecole Polytechnique Federale de Lausanne - EPFL). «Жарық» ЖШС бас директоры; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәттен бастап төраға орынбасары, 2004 жылдың қыркүйегі мен 2005 жылдың қаңтары аралығында төраға міндетін атқарды. 2005 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2006 жылдың 11 қазаннан 2010 жылдың наурызына дейін «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы. 2010 жылғы 12 наурыздан 2012 жылғы 20 қаңтарға дейін ҚР Байланыс және ақпарат министрі қызметін атқарды. 2012 жылғы 20 қаңтарда ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың наурызынан ҚР Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы болған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы (2015-2017); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (2017-2018); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2019); Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2019-2020).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың қыркүйек айынан бері.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. 2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағы берілді, Ю.А.Гагарин медалінің иегері. 2009 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.

43 жыл бұрын (1978) «Мемлекеттік аннуитетті компания» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Ташмұханбетұлы ӘМЕРҚОЖАЕВ дүниеге келді.

Қазақ мемлекеттік заң университетін аяқтаған; SABIT бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолы: «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ қызметкері (1999-2007); «ҚазЭкспортГарант» экспорттық-кредиттік сақтандыру компаниясы» АҚ мемлекеттік даму институтының басшысы (2007-2012), «Астана-финанс» СК» ДК төрағасы, «Астана-финанс» КСЖ» АҚ (2010-2011); «БТА Сақтандыру» банкінің БТА ЕК» АҚ сақтандыру компанияларында Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде – 2016 жылдан бері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT