+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

2 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 2 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
2 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 2 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
9 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі 8 тамыз: Туған күн иелері 8 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда көлік қызметкерлері күні

Жыл сайын тамыздың бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ол ресми мәртебеге ие және 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізіміне кіреді.

Бұл мерекеге қатысы бар адам өте көп, себебі ол автомобиль, темір жол, су және авиациялық көлік өкілдерін біріктіреді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

2007 жылы Сеулде Қазақстан халқы Ассамблеясының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш шараға көрнекті қоғам және саяси қайраткерлер, елдің академиялық және іскер топтарының өкілдері қатысты. Шара аясында «Н.Ә.Назарбаев - этникааралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Н.Ә.Назарбаев. Бейбітшілік пен келісім саясаты» атты кәріс тіліндегі екі кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Шара еліміздің эстрада майталмандары «Ұлытау» тобы және «Наз» би ансамблінің ән шашуымен аяқталды.

2016 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы есебінің мәліметтеріне сәйкес Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша Азия елдері арасында 7-орынға ие болды. Бұл ретте БҰҰ жаһандық рейтингінде ТМД-дағы барлық елдерден озып, Қазақстан 33-ші сатыға орналасты.

БҰҰ электрондық үкіметті дамыту индексі – азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін және әзірлігін бағалайтын кешенді көрсеткіш.

2016 жылы Астанада белгілі спортшы, ең көп титулға ие полиция полковнигі, ІІМ құрама командасының капитаны Серік Нұрғалиевке «Қазақстанда полицей бауырмалдығы идеясын ілгерілеткені үшін» медалі табысталды. Запастағы полиция полковнигі Серік Нұрғалиев Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлемнің он мәрте чемпионы және рекордшысы, құқық қорғау органдары арасындағы Еуропа чемпионы, құқық қорғау органдары арасындағы әлемдік біріншіліктердің 31 алтын, 5 күміс және 3 қола медальдарының иегері.

2016 жылы Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойды. Париж келісімі – БҰҰ-ның Климат өзгеруі жөніндегі конвенциясы аясындағы 2020 жылға қарай атмосфераға шығарылатын көмірқышқыл газын азайтуға бағытталған құжат. Париж келісіміне 175 ел қол қойды.

2019 жылы Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тарихы терең Түркістан» атты ақпараттық туры өтті.

Жобаның мақсаты – өңірдегі киелі орындар тізіміне енген нысандарды таныстыру, насихаттау, танымалдығын арттыру, тарихи сананы жаңғырту және ішкі туризмді дамыту.

БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері баспасөз туры аясында өңірдегі 40 киелі орынға саяхат жасап, жұртшылыққа насихаттады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT