2-сынып оқушысы «Зейнеткерлік туралы» заңнан не білуі керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жалпы білім беретін 11 жылдық мектептерінің 2-сыныбына арналған «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенінде «Зейнеткерлік туралы» заңға қатысты тапсырма жүр. «ҚазАқпарат» редакциясына жүгінген ата-аналар 2-сынып оқушысы үшін мұндай тапсырманың қандай қажеті бар деген мәселе көтеріп, өз наразылықтарын білдірді.

Кітап «Алматыкітап баспасы» ЖШС-нан шыққан. Авторлары  Ботагүл Тұрғынбаева мен Зубайда Мүфтибекова. Редакторы  Ә.Б.Орынбаева деп көрсетілген.

Кітаптың 96-шы бетіндегі тапсырмада 2-сынып оқушысына «Зейнеткерлік туралы заңнан не білемін?» тақырыбында білетініңді тізбелеп жаз»  деген тапсырма берілген. Енді мұндай тапсырмаға  оқушылар түгілі ата-аналардың өздері аң-таң.

null  

«2-сынып оқушысы «Зейнеткерлік туралы» заңнан не біледі? Жалпы, 2-сынып оқушысы заң туралы нені білуі қажет? Бұл тапсырманы әрине балалар үлкендерге ғана орындата алады, әйтпесе, мектептің 2-сыныбына жаңа барған оқушы ешқандай заңды білмейді. Тапсырмасы дұрыс емес. Оқушыны былай қойыңыз ол заңды көпшілік ата-ананың өздері де жарытып біле бермейді емес пе?!», - дейді кітаптың суретін қоса жіберген астаналық ата-аналар.

«ҚазАқпарат» тілшісі кітап авторлары мен «Алматы кітап» баспасына, сонымен қатар,  Білім және ғылым министрлігінің тиісті мамандарына ресми сауал жолдайды.

null null null  

Соңғы жаңалықтар