+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

2 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 2 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
2 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат сейсенбі, 2 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 77 жыл бұрын (1942) Қазақстанның және Қырғыз Республикасының халық ақыны Мұхтар ШАХАНОВ дүниеге келді.

Мұхтар Шаханов Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде корректор, әдеби қызметкер, «Лениншіл жас» газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық «Жалын» журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты болды.
1993-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2003-2004 жылдары «Жалын» журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының Президенті. 2004 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тіліне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» драмасы көптеген тілдерге аударылған. «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы» драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. «Уақыт бедерлері», «Зерде кітабы» атты жинақтары орыс тілінде шықты.

Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық «Руханият», түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің «Шахрияр», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы «Жазагер жады космоформуласы» шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығы берілген.

«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.


null 59 жыл
бұрын (1960-2017) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің экс-төрағасы, экономика ғылымдарының докторы Қозы-Көрпеш Есімұлы ЖАҢБЫРШИН дүниеге келді.

Ақтөбе облысында туған. Мәскеу экономикалық-статистикалық институтын және оның аспирантурасын бітірген.

Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Басқару процесінің автоматтандырылған жүйесі ғылыми-зерттеу институтының инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Ғылым мен техника бөлімінің инженері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Басқару және басшылықтың экономикалық әдістемелерін жетілдіру бөлімінің аға ғылыми қызметкері, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық ғылыми-зерттеулер инситутының аға ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитеті экономикалық реформалар, нарықтық қатынастар мен кәсіпкерлікті дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің экономикалық консультанттар кеңесінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық кеңесшісі, Еуропалық қоғамдастық комиссиясының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының ұлттық директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы экономикалық консультанттар кеңесі жетекшісінің орынбасары, «ТАСИС» бағдарламасының Қазақстандағы Үйлестіру бюросының директоры, Алматы қаласы экономика жөніндегі комитетінің төрағасы, Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі болды. Соңғы қызметі (2014-2017 жылдары) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.


null 48 жыл
бұрын (1971) Ұлттық тәуелсіз емтихан алу орталығы басқармасының төрайымы Гүлмира Төреғалиқызы ЖАНГЕРЕЕВА дүниеге келді.

Ақтөбе мемлкеттік медицина университетін емдік іс мамандығы бойынша бітірген (1994); Danubius университеті, әлеуметтік жұмыс (2018).

«ТПК Дина» ЖШС бас санитар дәрігері (2002-003); Атырау қаласының теміржол ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары (2003-2005); «Астана қаласының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ басқарды (2005-2012); ҚР ДСМ «Респуликалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» РМК-ның Білім мен дағдыдарды бағалау орталығы респуликалық ұйымына жетекшілік жасайды (2012-2017).

2017 жылдан бастап қазіргі қызметінде.


null 46 жыл
бұрын (1973) Қазақстан Республикасының Қазандағы (Ресей Федерациясы) бас консулы Еркін Валитханұлы ТҰҚЫМОВ дүниеге келді.

1973 жылы Өзбекстанда, Терміз қаласында туған. 1997 жылы Варшама халықаралық қатынастар институтын үздік бітіріп, 2004 жылы ҚР Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын тамамдады. Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде бастады. 2000-2005 жылдары ҚСЗИ сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі. 2005-2007 жылдары Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры болды. 2007-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының стратегиялық халықаралық ықпалдастық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2008 жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болды. 2010 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі болды. Қазақстанның Қазандағы бас консулы лауазымына 2018 жылы тағайындалды.

Дипломатиялық дәрежесі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты кеңесшісі.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT