+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

2 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 2 шілде 07:00
Бөлісіңіз:
2 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 2 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

Дипломатиялық қызмет күні

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы шілденің 1-індегі «1998 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес атап өтіледі.

Халықаралық спорт журналистерінің күні

Халықаралық спорт баспасөзі қауымдастығының бастамасымен 1995 жылдан бастап аталып өтеді.

Дүниежүзілік Уфологтар күні (БҰН - Беймәлім ұшқыш нысан күні)

2 шілдеде бүкіл әлемде Беймәлім ұшқыш нысан күні немесе Уфологтар күні атап өтіледі.


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1996 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар» туралы Заңы қабылданды.

1999 жылы Астрахан қаласынан бұрғылау баржасы суға түсірілді. Бұл шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ақын Фариза Оңғарсынова қатысып, бұрғылау баржасына «Сұңқар» есімін берді. Баржаның ұзындығы - 85, ені - 53 метр, бұрғылау мұнарасын қоса есептегендегі биіктігі - 50 метр, салмағы - 10000 тонна. Сұңқардың бірінші бұрғылау жұмыстары Шығыс Қашағаннан бастау алды.

2010 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының №4 домна пешінде Қазақстан Магнитінің 50 жылдығына орай, мерейтойлық шойын шығару салтанаты өтті. Салтанатты шараға Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев қатысты.

2011 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында әлемде жалғыз экшн жанрындағы кинофестивалінің тұсауы кесілді. Бұл кинофестивальдің негізін салушы және президенті - танымал режиссер, продюсер Тимур Бекмамбетов.

2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Македония Республикасының Президенті Георге Ивановты қабылдады. Бұл - оның Қазақстанға алғашқы іс-сапары. Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Македония арасындағы достық қарым-қатынастың дамып келе жатқанын және екі ел арасында саяси немесе өзге де сипаттағы келіспеушіліктердің жоқтығын атап өтті.

2013 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ғарыш агенттігіне бағынысты «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Алматы облысының Іле ауданында орналасқан ғарыштық инфрақұрылымның жаңа нысанына ие болды. Жаңа нысан халықаралық стандарттарға сай ең заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған.

2013 жылы Қазақстанның шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 20 жыл толуына арналған маркаларды өшіру рәсімі өтті. Пошталық маркада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және мемлекеттік ту фонындағы Қазақстанның территориялық бедері күн сәулесімен бейнеленген, оның астында қалықтап ұшқан қыран құсы. Көркемдік блок жиегінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық байланыс орнатқан мемлкеттердің тулары бейнеленген.

2014 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі ашылды.

Бұл - Орталық Азиядағы бірегей жоба. 74 мың шаршы метрден астам аумақта Қазақстанның археологиялық, этнографиялық, тарихи-мәдени ескерткіштері жиналған. Ұлттық музейде Астана залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, алтын залы, көне және ортағасырлық тарих залы, тарих залы, этнография залы, қазіргі заман өнері залы бар.

2014 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «Құрметті металлургі» атағына ие болды.

Мемлекет басшысына құрметті белгіні Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңес барысында Тау-кен өндіруші және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының директоры Николай Радостовец табыстады.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Манас» І дәрежелі орденімен марапаттау туралы» Қырғызстан Президентінің Жарлығы шықты.

2016 жылы қазақстандық археологтар біздің эрамызға дейінгі І ғасырдағы отбасылық қазбаларды тапты. Олардың ДНҚ құрамын анықтау үшін арнайы жапон генетиктері шақырылды. Бұдан өзге, археологтар Берел қорымдарындағы Патшалар алқабынан біздің эрамызға дейінгі III-IV ғасырлық мұраларды және патша отбасының зиратын тапты.

2017 жылы қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Болгарияда өткен ашық чемпионатта екінші медаль иеленді. Ол 50 метрге жүзу бойынша «қола» жүлде жеңіп алды. Бұған дейін ол 100 метрге жүзіп, алтын медаль еншілеген болатын.

2018 жылы Астана БҰҰ бастамасымен «Ақылды» тұрақты қалалар тұрғызу мақсатына күш біріктіру» жобасына кіру туралы ресми хат алды.

Астананың жаңа халықаралық бастамаға кіруін растайтын хатты Astana Innovations басшысы Әлішер Әбдіқадыров алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT