+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

2 сәуірде бірқатар облыстарда жауын жауады

2020 жылғы 2 сәуір 02:40
Бөлісіңіз:
2 сәуірде бірқатар облыстарда жауын жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік-шығыста түнде және таңертең таулы аймақтарда қатты жаңбыр, солтүстікте түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, кей жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейді. Маңғыстау, Қостанай, Қарағаңды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT