АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
14.00-де Конгресс-орталықта «Болашақ» корпоративтік қоры Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» атты кездесу өткізеді.
14.00-де Астана қуыршақ театрында «Алдар көсе жайлы не білесің?» ертегісі қойылады.
18.00-де «Portofino» мейрамханасында отандық дизайнерлердің (брендтердің), кәсіпкерлердің және шоу-бизнестің қатысуымен жыл сайынғы «Runway Show Kz-2023» сән көрсетілімі өтеді.
18.00-де Номад Сити Холл театрында «Ауыл хикаялары» драмасы ұсынылады.
19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Дон Кихот» қойылымы көрсетіледі.
19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.