Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 429.83
RUB 5.96 CNY 55.39
Jańalyqtar

2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайды

2019 жылғы 13 маусым 16:04 793
Бөлісіңіз:
2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова  «Бақытты отбасы» бағдарламасы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
20 жылдық кездесуінде сыныптастар көпбалалы анаға үй сыйлады Ақтауда жас дәрігерлер баспана сертификатын алды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың есептік кездесуінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ төрайымы 2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайтынын мәлім етті.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы осы айдың соңында немесе келесі айдың басында іске қосылады. Ол үшін алғашқы қаражат бөлінді. Ілкі жоба аясында Алматы  қаласының әкімдігі бізге 3 млрд теңге бөлген болатын. Бүгінге дейін 98 алматылық отбасы осы 2 пайыздық ипотекамен үй алды.  Бұған қоса жергілікті әкімдік 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын табыстады. Алматы қаласы бойынша тағы 233 өтініш түсті.  Ол өтініштің бәрі мақұлданды», - дейді банк басшысы.

Ләззат Ибрагимова қалған облыстарда мұндай несие алдағы 2 аптаның ішінде қолға алынатынын айтты.

«Қаржы министрлігінен біздің банк есебіне қаржы түскенін күтіп отырмыз. Қаржы түскен күні-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана бере бастаймыз. Бұл істің мейлінше ашық жүруін қамтамасыз етеміз. Пәтер алушы адаммен келісімшарт жасау кезінде ипотека иесінен аты-жөнін бағдарлама қатысушысы ретінде тізімге енгізуге келісім аламыз. Осының арқасында қай облыста кімнің 2 пайыздық ипотека алғанын бәрі көріп отырады», - деді банк төрайымы.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT