2 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2 наурызда Қазақстан территориясының басым бөлігі жоғары қысым аумағында болады. Осыған байланысты жауын-шашын жоқ, күн ашық болады. Тек солтүстік пен орталықта қар немесе жаңбыр жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейіп, солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріледі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Қостанай, күндіз Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Жамбыл және күндіз Қызылорда облысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел қарқыны 17-22, 25 м/с дейін күшейеді.

Түркістан, Атырау, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.


Соңғы жаңалықтар