2 наурызда Қазақстанға ұшақпен 246 жолаушы анықтамасыз келген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 2 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, РФ, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

2 671 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 425 адам, анықтамасыз 246 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 12 рейс, 2 060 жолаушы, анықтамамен - 1 825, анықтамасыз - 235;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 580 жолаушы, анықтамамен - 569; анықтамасыз - 11;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 31 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 наурызында шетелден анықтамасыз келген 199 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар