+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

2 мыңнан астам алматылық оқушы онлайннан дәстүрлі оқыту форматына ауысты

2021 жылғы 15 қыркүйек 18:15
Бөлісіңіз:
2 мыңнан астам алматылық оқушы онлайннан дәстүрлі оқыту форматына ауысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2 мыңнан астам алматылық оқушы онлайн форматтан дәстүрлі оқыту форматына оралды. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жаңа отбасылық демалыс орны пайда болады Қаланы бірге көркейтеміз: Бақытжан Сағынтаев Алматының болашағы туралы айтты Алматыда пәтер тонаушы қылмыс үстінде ұсталды

Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылының басында Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты ата-аналарға оқыту форматын таңдау мүмкіндігі берілді. Сол кезде білім алушылардың арасында онлайн форматты таңдағандардың саны аз болды. Яғни, оқушылардың тек 5,6%-ы, яғни 300 мыңнан астам оқушының тек 17 мыңнан кем емес бөлігі онлайн форматта оқуға ниетті болды.

Эпидахуалдың жақсаруын бақылай отырып, екі мыңнан астам оқушының ата-анасы қашықтан оқыту форматынан бас тартып, балаларын мектепке жіберді.
«Менің немерем биыл бірінші сыныпқа барды. Орын алған эпиджағдайға алаңдап, онлайн оқыту форматын таңдадық. Алайда, немерем үйде отырмай, сыныптастарымен және мұғалімдермен араласқысы келеді. Бәрібір де, балаларымыз көшеде ойнап, дүкенге және қонаққа барады, үйірмелерге қатысады. Сондықтан біз дәстүрлі оқыту форматын таңдадық. Біз қашықтан білім алатын бала еріншектік танытып, назары басқа нәрселерге ауатынын, қосымша басқа да істермен айналысатынын әрі оқу материалын жеткіліксіз деңгейде меңгеретінін түсіндік. Пандемия қашан аяқталатыны белгісіз. Індеттің аяқталуын күтіп, білім сапасын жоғалтып алмағанымыз маңызды», – деп атап өтті Алматы қаласының тұрғыны Гүлбахар Валиева.
Ата-ана Гүлинұр Асанова дәстүрлі оқыту форматын толық қолдайды және басқа да ата-аналарға балаларды офлайн оқытуға кеңес береді.
« Менің балаларым №101 мектеп-гимназиясында дәстүрлі форматта білім алады. Біз басқа балалардың мектепке барып жүргенін, санитарлық нормалар барынша қамтамасыз етіліп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан біз балаларды өз құрдастарынан қалып қалмаулары үшін оларды мектепке жіберуге шешім қабылдадық « , – деп атап өтті ата-ана Гүлинұр Асанова.
Алматы қаласы әкімдігі білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалада 300-ге жуық мектеп бар екенін атап өтті. Оқушылардың жалпы саны бойынша балалардың сырқаттану пайызы оқу жылы басталғанға дейінгі сырқаттану деңгейімен салыстырғанда бірнеше есе төмен. Мектептерде балалардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшін кешенді санитарлық шаралар қабылданды. Икемді сабақ кестесі құрылып, бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үшін қосымша ауысымдар мен әртүрлі уақытта үзілістер ұйымдастырылды. Оқушылардың бір кабинеттен екінші кабинетке ауысуына тыйым салынды. Сабақтар «бір сынып – бір кабинет» қағидаты бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер мен ата-аналар арасында санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT