2 мыңнан астам алматылық коронавирусқа қарсы вакцинаны шетелде салдырған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі мыңнан астам алматылық вакцинаны шетелде салдырды. Бұл туралы брифинг барысында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, екі мыңнан астам алматылық алыс-жақын шет мемлекеттерде вакцина алған.

«2 мыңға жуық азаматымыз шетелдік екпе төлқұжатын тіркеуге алып келді. Шетелде негізінен Pfizer, AstraZeneca, Moderna компанияларының вакцинасын салдырған» - дейді Светлана Сұлтанғазиева.

Бүған дейін ол ревакцинация жасатпаған медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетілетінін мәлім еткен болатын.

Айтуынша, вакцина алмаған, қандай да бір жеке себебі бойынша ревакцинация жасатқысы келмейтін дәрігерлер науқастармен жұмыс істеуге жіберілмейді. Егер дәрігерлердің вакцинадан бас тартуының нақты себебі, медициналық қарсы көрсетілімі болмаса онда олар науқастармен жұмыс істеуден шеттетіледі.


Соңғы жаңалықтар