+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

2 мыңнан аса қазақстандық онлайн құрбан шалды

2021 жылғы 20 шілде 20:10
Бөлісіңіз:
2 мыңнан аса қазақстандық онлайн құрбан шалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрбан айт мейрамында Қазақстанда онлайн құрбандыққа тапсырыс берушілердің саны артты. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай Қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының мәліметіне сүйенсек, ел бойынша 2500 адам онлайн құрбандық шалуға тапсырыс берген және бұл түске дейінгі ғана көрсеткіш. Құрбандық шалудың жаңа форматын таңдап, тапсырыс берушілердің саны артып келетін көрінеді.

Бүгін еліміздің бас мүфтиі елорда маңындағы құрбандық шалуға арналған орындарды аралап, оның барысын бақылап шықты. Әр тапсырысты Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының өкілдері ресми тіркеп, оның орындалуын басқарма мамандары жіті қадағалайды.

«Қазақ елі әрқашан да құрбандық шалған, бұл дәстүрімізге сай қалыптасқан дүние. Кез келген кісі сапарда немесе сыртта жүрсе де бұл дәстүрді ұмытпаған. Дегенмен қазіргі уақытта қалалық тұрғындарға кішкене қиынға соғады яғни қала сыртындағы мал базарға баруы керек, мал таңдауы тиіс деген сияқты. Осы орайда құрбандық шалып, қол ұшын созамын деген жандар оны онлайн түрде іске асыра алады. Сонымен қатар онлайн құрбандық шалу дәстүрін біз әлі де жетілдіре түсеміз және оны алдағы уақытта тек Құрбан айт мейрамында ғана емес кез келген сәтте қолдану мүмкіндігі болады. Жалпы байқағанымыздай онлайн құрбандыққа тапсырыс берушілердің саны артып келеді», - деді еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай Қажы Тағанұлы.

Оның айтуынша, онлайн құрбандық шалуға тапсырыс көбінесе Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан түсіп жатыр. Жалпы онлайн құрбандық шалу тәжірибесі Түркия, БАӘ және Малайзия елдерінде кеңінен таралған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT