2 мыңға жуық қыз-келіншек өз кәсібін ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпкерлік дамыту бағдарламасы аясында 3мыңнан астам әйел шағын несие алды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Кәсіпкерлікті дамытуда әйелдердің белсенді қатысуын атап өту қажет. Атап айтқанда, 3 033 әйел немесе қатысушылардың барлық санының 21 пайызы шағын несие алды. Оның ішінде 1 849 әйел алғаш рет жеке ісін ашты. Шағын несие жастар арасында да сұранысқа ие. 2018 жылы 2 048 жас азамат кәсіпкерлікпен айналыса бастады. Оның ішінде 1 008 адам старт-ап жобаларына шағын несие алды", - деді министр.

Оның атуынша, шағын несие беру нәтижесінде 9 мыңнан астам адам салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Сонымен қатар, жұмыс орындарын құру түрінде маңызды әлеуметтік әсер алынды. Шағын несие алған адамдар қосымша 12 613 жұмыс орнын ашты.

"Бағдарлама аясында шағын несие алу шарттарының бірі «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бизнес негіздеріне оқыту болып саналады. Бұл жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге іске асырылуда. 2018 жылы 28,3 мың адам немесе жылдық жоспардың 100 пайызы оқытылды. Оның ішінде 19,4 мың қатысушы бизнес-жобаларын қорғап шықты. Ал 7,7 мың адам шағын несие алды. 2018 жылы оқыту қорытындысы бойынша бизнесін бастаған қатысушылардың 95 пайызы бюджетке салық аудара бастағанын атап өткен жөн", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар