2 мың теңге сыйақысы үшін жарты миллионға жуық айыппұл төлейді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «алғыс» үшін 2 мың теңге берген Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері жəне жемқорлық қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мəліметі бойынша, 2018 жылдың 28 маусымында азамат сот актісі күшіне енгені туралы белгіленген сот шешімінің көшірмесін алу кезінде Ақмола облысының ауданаралық экономикалық сотының бас маманына «алғыс» ретінде 2 мың теңге берген.

Ақмола облысы бойынша Сот əкімшілігі соттарда ішкі қауіпсіздік жəне жемқорлықты ескерту бөлімі сот маманына заңсыз сыйақы ұсынған Шымкент қаласының тұрғынына қатысты материалдарды құзырлы органға жолдады.

Осыған орай, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жəне жемқорлық қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері ҚР ƏҚбК 676- бабы бойынша хаттама толтырып, сот органының қарауына жолдаған.

«2018 жылы 2 қазанда Шымкент қаласының мамандандырылған əкімшілік сотының қаулысымен ҚР ƏҚбК 676-бабы бойынша аталмыш азамат кінəлі деп танылып, 481 000 теңге айыппұл салынды», деп түсіндірді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар