2 мың атыраулық спортшы Әнұран шырқап, байкерлер туды көтеріп шерулетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 2 мың спортшы Әнұранды шырқап, байкерлер туды көтеріп шерулетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған республикалық акцияға атыраулық 2 мың спортшы қосылды. Бүгін олар «Мұнайшы» стадионында Әнұранды шырқады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Әнұранды орындауға спорттық мекемелердің тәрбиеленушілері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары қатысты. Ал, 400 спортшы стадионның алаңында мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «30» санын бейнеледі.

Сондай-ақ, «Wheels Brothers MC» мотоклубының байкерлері мемлекеттік туды көтеріп, Атырау қаласының көшелерімен жүріп өтті. Байкерлер шеруі Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдындағы алаңнан басталды. Мотошеру тутұғыр алаңына дейін жалғасты. Оған 20-2дан астам байкер қатысты.

«Біз бір-біріміздің салт-дәстүрімізді құрметтейтін көпұлтты елде тұрамыз. Отанымызды жақсы көреміз, әрі мақтан тұтамыз. Бұл күні біз мемлекеттік туымызды алып жүру арқылы жастардың отаншылдық рухын көтеруді көздедік», -дейді «Wheels Brothers MC» мотоклубының жетекшісі Олег Шмаль.

Қазір рәміздер күніне арналған іс-шаралар Жастар саябағында ұйымдастырылған көрмемен жалғасып жатыр. Кешке Бейбарыс алаңында жұртшылыққа мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда әскерилер мен еріктілер Мемлекеттік туды ұстап, шеру құрғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар