2 мотоцикл апатынан үш адам көз жұмды - Қарағанды облысы

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Соңғы екі тәулікте Қарағанды облысының жолдарында мотоциклмен жол апатына түскен 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағанды-Абай» автожолында Ақтас кентінен шыға берер жолда «KAWASAKI Ex500d» мотоциклінің 36 жастағы жүргізушісі рулге ие бола алмай, қарсы бағыттағы «BMW» көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан мотоцикл жүргізушісі мерт болды.

Сондай-ақ, 6 мамырда Шахтинск қаласында «Volkswagen Golf» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі «RACER» мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқан. Апаттан мотоцикл жүргізушісі мен оның 10 жасар жолаушысы да көз жұмған.

Екі дерек бойынша тиісті сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Соңғы жаңалықтар