+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

2 млрд түп ағаш отырғызу: Әрбір қазақстандық ұсыныс жасай алады

2021 жылғы 22 шілде 09:55
Бөлісіңіз:
2 млрд түп ағаш отырғызу: Әрбір қазақстандық ұсыныс жасай алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 миллиард ағаш отырғызу мақсатында жасалып жатқан жұмысты бақылау үшін «интерактивті карта» әзірленуде. Бұл туралы ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Сібірдегі орман өрттерінің түтіні Моңғолия астанасын басып қалды Алматы әкімдігі әуежай маңында ағаштардың «кесілуін» түсіндірді СҚО-да 76 мың тонна улы зат ауаға тараған

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2 млрд ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырған еді.

«Жоғарыда көрсетілген тапсырманы іске асыру мақсатында Қазақстан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – ҚР ЭГТРМ) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы мәселені пысықтады. «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК тапсырысы бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жұмыс барысын мониторингтеу үшін интерактивті картасын әзірлеуде. Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада да қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және еліміздің әрбір азаматы осы жұмысты қадағалап, өз ұсыныстары мен ескертулерін уәкілетті органға жолдай алады», - делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін 2 млрд түп ағаш отырғызу интеравтикті карта арқылы бақыланатыны туралы айтылған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT