2 млн теңгеге пәтер алмақ болған семейлік алаяққа алданды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласының тұрғыны арзанға пәтер сатып алмақ болып, алақтың тұзағына түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 34 жастағы ер адам банкте кепілдікте тұрған пәтерін сататындығын айтқан бейтаныс біреуге 2 млн теңгесін берген. Ақша қолына тигеннен кейін ол мүлде-хабар ошарсыз кеткен. Жәбірленуші арада бір ай өткеннен кейін полицияға хабарласқан.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген Әуезов полиция бөлімінің сақшылары 58 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Өз кінәсін мойындаған ер адам ақшаны жұмсап тастаған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар