+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

2 млн 333 мың қазақстандыққа 42 500 теңге аударылды – Еңбек министрлігі

2020 жылғы 14 тамыз 11:06
Бөлісіңіз:
2 млн 333 мың қазақстандыққа 42 500 теңге аударылды – Еңбек министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2 млн 333,8 мың қазақстандыққа 42 500 теңге аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік 14 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға қатысты ақпаратты жариялады.

Азаматтардан 2 млн 548 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 333,8 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 320,3 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

2 млн 548 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 659,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 396,7 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 657,4 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 246,3 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 467,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 340,8 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 333,8 мың қазақстандыққа аударылды.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT