2 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Wyndham Garden қонақ үйінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі CEENQA-2023 Бас Ассамблеясымен бірлесіп, есептік кездесу өткізеді.

9.30-да Rixos President Astana қонақ үйінде «Carbon Neutrality Pathways» III ECOJER халықаралық конгресі өтеді. Жиынның басты тақырыбы - Қазақстанның көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі және климаттың өзгеруінің экономикаға және халықтың өмір сүру сапасына әсерін төмендету.

11.00-де Мәжілісте AMANAT партиясы фракциясының кеңейтілген жиналысы өтеді.

11.00-де Астана қаласы коммуникациялар қызметінде «Елордада кешенді көлік жүйесін дамыту» тақырыбында онлайн брифинг өтеді.

Спикер: «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты директорының орынбасары Серік Әбдірахманов.

Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook және Instagram парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонясында Қазақстан патриоттарының республикалық форумы өтеді.

11.00-деРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасы аясында жас көрермендерді хореографиялық өнер бойынша «Дала заманауы биі» атты шеберлік сабағына шақырады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

Спикер: Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев.

Көрсетілім сілтемелері: youtube, facebook.

12.45-деRixos President Astana қонақ үйінде ЕО – Қазақстан І тұрақты энергетика күні аясында «Қазақстандағы тұрақты энергетика: перспективалар мен сын-қатерлер» атты халықаралық конференция ұйымдастырылады.

16.00-де Астана қаласы мәслихаты «Қолжетімді және жайлы қоғамдық дәретханалар – елорданың мәдени бет-бейнесі» бағдарламасын іске асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы жария тыңдау өткізеді.

16.30-да «Сығанақ» бизнес орталығында «ЕРДО» АҚ алаңында БАҚ өкілдері үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықованың қатысуымен «Балалы отбасылар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау», «ҚР Әлеуметтік кодексінің новеллалары: халықты зейнетақымен қамтамасыз ету» тақырыптарында семинар өтеді.

19.00-де Hilton Astana қонақ үйінде «Astana Mining & Metallurgy» (АММ) аясында «Алтын Гефест» жыл сайынғы конкурсы өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар