+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

2 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 1 маусым 20:22
Бөлісіңіз:
2 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 маусым күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың халық алдында есеп беру кездесуі өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

11.00-де С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Jalinga Studio бағдарламалық жасақтамасының патенттелген жүйесімен бейнедәріс жазуға және мультимедиялық тұсаукесерлер өткізуге арналған цифрлық бейнестудия ашылады.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР индустрия және инфроқұрылымдық даму министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысы» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Қазақстан Республикасындағы темекіге тәуелділікті зерттеу нәтижелері» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

19.00- де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің «Күй Қаршыға – күй ғұмыр» атты концерті өтеді. Шара Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, күйші Қаршыға Ахмедияровтың 75 жылдық мерейтойына арналған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT