2 мамырда елордада автобус жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 мамырда елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат City Transportation Systems компаниясына сілтеме жасап.

«Жексенбі күні, 2 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. ⠀

Сенбі және дүйсенбі күндері, 1 және 3 мамырда қоғамдық көлік қалыпты жұмыс істейді», делінген хабарламада.
Жолаушы тасымалымен айналысатын компания қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтауды сұрайды. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы қолма-қол ақшасыз төленеді.

Елорда қазір «қызыл аймақта» орналасқан. Соған байланысты жексенбі күні қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде арнайы залалсыздандыратын ерітіндімен ауқымды дезинфекция жұмысы жүргізіледі.

Егер қала «қызыл» аймақта болса, онда Ashyq қосымшасын қолданатын бизнес иелері «сары» аймақ үшін көзделген шарттар бойынша жұмыс істей алады.


Соңғы жаңалықтар