2 мамыр күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 мамыр күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде шығыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, жел соғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 23-28 м/с дейін артуы мүмкін. Түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні күндіз 23-28 м/с жетеді. Шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, күндіз Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай соғады.

Түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.


Соңғы жаңалықтар