2 қыркүйекте еліміз мектептерінде «парасаттылық сағаты» өтеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалық етуімен білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конференция барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев педагогтарды қиын сын-қатерлерге төтеп бере алатын және жемқорлыққа қарсы тұра алатын қазақстандықтардың мықты буынын тәрбиелеуге шақырды.

«Мектептерде парасаттылықты қалыптастыру – бірінші кезектегі міндетіміз болып табылады. Сіздерге ел игілігі үшін қызмет ететін адал мамандарды тәрбиелеу міндеті жүктеліп отыр. Сіздерді мінсіз адалдықтыңүлгісі болуға және өскелең ұрпақты осыған үйретуге шақырамын» - деді М.Төлеубаев.

Департаменттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, М.Төлеубаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа агенттіктің құрылуын еліміздің парасатты ұрпағын тәрбиелеуге жаңа серпін бере алатын тарихи шешім деп атады. Агенттіктің бастамасымен осы міндетті орындау үшін ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап еліміздің барлық оқу орындарында парасаттылық мектептері ашылады.

Осы жұмыс аясында 2 қыркүйекте бүкіл ел бойынша бірыңғай ақпараттық «парасаттылық сағаты» өтіп, онда халық арасында құрметке және беделге ие тұлғалар, «NurOtan» партиясының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер дәріс оқиды.

Сонымен қатар «Адал ұрпақ» және «Саналы ұрпақ» клубтарының рөлін күшейту және дәріптеу қажеттігі айтылды. Қазіргі уақытта олардың жұмысына облыс бойынша 800-ге жуық студент және 50 мыңнан астам оқушы тартылған.

Сондай-ақ жаңа оқу жылының басталуымен мұғалімдерді Ермек Маржықпаев құттықтады. Ол барлық стратегиялық құжаттарда білім беру саласы әрдайым ерекше басымдыққа ие болғанын атап өтті.

«Алдымызда білім беру сапасын арттыруға, оқытудың тиімді процесін ұйымдастыруға бағытталған маңызды жұмысты орындау міндеті тұр» - деді ол.

Конференцияда сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, облыстық басқарма, аудандық білім беру бөлімдері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жалпы білім беретін мектептер, колледждер өкілдері, әдіскерлер мен тәрбиешілер сөз сөйледі.

Соңында білім беру саласының дамуына салмақты үлес қосқан педагогтарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Соңғы жаңалықтар