+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

2 қазан. Туған күн иелері

2020 жылғы 2 қазан 08:08
Бөлісіңіз:
2 қазан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 2 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

97 жыл бұрын (1923-1986) жазушы, қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін қалаушы Кемел ТОҚАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1948-1984 жылдары Жамбыл облыстық газетінде қызметкер, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде редактор, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ведомстволарының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған. Соғыс тақырыбы мен қазақтың құқық қорғау органдары қызметкерлері өміріне арналған «Тасқын», «Болашақ туралы ойлар», «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Таңбалы алтын», «Жұлдызды жорық» атты повестер жинақтары, «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс» романдары жарық көрген. Сонымен қатар «Қыс қарлығашы», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Шоқ Жұлдыз» шығармаларының авторы. Тоқаев - детектив жанрында «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» атты пьесалар жазған. Бірқатар шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

94 жыл бұрын (1926-1983) кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Абдолла ҚАРСАҚБАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1947-1983 жылдары «Қазақфильм» студиясында режиссер болып «Ана мен бала», «Егер біздің бәріміз де...», «Қанатты сыйлық», «Ботагөз» атты көркем фильмдерді түсіруге қатысты. Тарихи тақырыпқа «Қилы кезең», «Даладағы қуғын» секілді фильмдерді, «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Менің ағам», «Қатарыңнан қалма», «Оу, ковбойлар», «Алты жасар Алпамыс», «Балалық шақтың кермек дәмі» көркем фильмдерін, сонымен қатар «Қазақ халқының қолөнері», «Торғай шеті», «Черкасск қорғаны», «Ақтөбе», т.б. деректі фильмдер қойған.

76 жыл бұрын (1944) баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан түңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Мүсірбекұлы ЖАРМҰХАМЕДОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шыршық ауданы Табақсау ауылында туған. 1970-1974 және 1976-1980 жылдар аралығында КСРО-ның, 1972 жылы Мюнхендегі (Германия), 1980 жылы Мәскеудегі (КСРО) Олимпиада ойындарының, 1967, 1971 және 1979 жылдары Еуропа чемпионы.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

72 жыл бұрын (1948) актер, режиссер, профессор, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Қадырұлы ЖАМАНҚҰЛОВ (әл-Тарази) дүниеге келді.

Жамбыл облысының Байзақ ауданында туған. Алматы өнер институтының (қазіргі Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) актерлік факультетін бітірген. Актерлік өнер жолын студенттік кезінен Қазақ драма театрында бастады. 1993-2001 жылдары осы театрдың директоры әрі көркемдік кеңесінің төрағасы болды. Қазақ драма театры сахнасында Бейсенбай (Қ.Мұқашев «Дала дастаны»), Арыстан (Қ.Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында»), Бақтығұл (Қ.Ысқақов «Таңғы жаңғырық»), Мырзахмет (Т.Ахтанов «Жоғалған дос»), Демесін (Д.Исабеков «Кішкентай ауыл»), Көтібар, Сырым (М.Әуезов «Айман-Шолпан», «Қарагөз»), Жалмұхан (Ғ.Мүсірепов «Ақан Сері -Ақтоқты»), Абылай хан (Ә.Кекілбаев «Абылай хан», М.Байсеркенов «Абылайдың ақырғы күндері»), Әбутәліп (Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн») рөлдерін сомдады. Бұл рөлдерде ұлттық және әлемдік театр мектептерінің дәстүрін терең меңгерген, диапазоны кең актер екенін танытты. Еліміздің кино өнерінің дамуына да елеулі үлес қосып, Чекист («Отқа оранған Орал»), Тәңірберген («Қан мен тер»), Әбілқайыр («Жаушы»), Оразмерген («Ақырғы аманат»), Болат («Тарғыл қауын»), Әзімхан («Қаралы сұлу»), Қайырхан («Отырардың күйреуі»), Құнанбай («Жас Абай») бейнелерін өзіне тән ерекше шеберлікпен сомдап шықты. «Отырардың күйреуі» фильміндегі Қайырхан рөлі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Режиссер ретінде К.Гоццидің «Тұрандот ханшайым», М.Ғапаровтың «Тұзды шөл», Қ.Шахимарданның «Томирис» пьесаларын сахнаға шығарып, бүгінгі заманның отандық театр өнерінің деңгейін көтеруге үлес қосты. Ол 1974 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданып, Қазақ драма театры жанындағы студияда, Алматы мемлекеттік университетінде дәріс оқыды. 1979 жылдан Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік шеберлік бойынша сабақ беріп, жеке курс жүргізеді.

71 жыл бұрын (1949) М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ректоры Сәбит Борисұлы ИСМҰРАТОВ дүниеге келген.

Қостанай қаласында туған. Қостанай ауылшаруашылық институтын аяқтаған (1971).

Еңбек жолы: В.Р.Вильямс атындағы Егін шаруашылығы Қазақ ҒЗИ аспиранты, ғылыми қызметкері (1971-1986); Қостанай ауылшаруашылық институтында доцент, декан орынбасары, оқу-тәрбие ісі жөніндегі проректор (1986-1991); «Қостанайлық» ғылыми-өндірістік бірлестіктің бас директоры (1991-1992); Қостанай ауылшаруашылық институтының ректоры (1992-2000).

Қазіргі қызметінде – 2001 жылдан бері.

«Құрмет» орденімен (2017); «Астана» (1998), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2015) медальдарімен, Ресейдің «Ғылым және білімге қосқан үлесі үшін» (2011) медалімен марапатталған.

65 жыл бұрын (1955) суретші, Қазакстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, (1990) Қырғызстанның және Ресей (2001) көркемсурет академиясының толық мүшесі Ерболат ТӨЛЕПБАЙ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Ленгер ауданындағы Қасқасу ауылында туған. 1973 жылы Қазақ ұлттық педагогика институтының көркем-графикалық факультетін бітірді.

«Маңғыстау күнделігі» (1978), «Суретшінің жастық шағы» (1980), «Санагүл», «Жазғы жайлаудан оралуы (екеуі де 1981), 1941 жылдың хабары», «Түрксіб» (екеуі де 1982), «Жазушы Ш.Айтматов» (1983), «Сүгір» (1986), «Дүйсен және Мария», «Жібек жолы», «Екеуі» (1990) т.б. кескіндемелік еңбектері өткен өмір мен бүгінгі күннің рухани өзара байланысын ғажайып ұлттык дүниетаным тұрғысынан танытады. 1974 жылдан бұрынғы Кеңес одағы және халықаралық көрмелерге, соның қатарында АҚШ, Бельгия, Германия, Италия, Қытай, Үндістан, Франция т.б. елдерде үйымдастырылған көрмелерге өз картиналарымен ұдайы қатысып келеді. Кескіндемешінің туындылары Қазақстан Мемлекеттік өнер музейінде және Ресей музейлерінде, ТМД, Азия, Америка мен Еуропадағы жекеменшік коллекциялар қорында сақтаулы.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).

57 жыл бұрын (1963) ҚР Қарулы күштерінің Жаяу әскері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - бас штаб бастығы Талғат Мамыртайұлы ҚОЙБАҚОВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Шу ауданы,Taнa ауылында туған, генерал-майор. (2009). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1985), ҚР ҚК Әскери академиясын (2002), РФ Бас штаб Әскери академиясын (2011) бітірген. Оңтүстік әскерлер тобы 20624 әскери бөлімі барлау взводының, Түркістан ӘО 83328 әскери бөлімі тәртіп взводының, Республикалық Ұланның рота командирі, батальон командирінің орынбасары, жеке батальон, салтанат батальоны, полк командирі, әскери қызметінің бастығы (1989-2000), мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасының командирі, мотоатқыштар дивизиясының командирі, ҚР ҚМ ШБК жедел жоспарлау департаменті басқармасы бастығының орынбасары, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының орынбасары - Штаб бастығы, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, бірінші орынбасары, РФ ҚК Бас штаб академиясының тыңдаушысы (2000-2001), 2001 жылдың шілдесінен ҚР ҚМ әскери дайындық және әскери кызмет департаментінің бастығы. 2012-2016 жылдары ҚР Қарулы күштерінің «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы. 2016-2017 жылдары - ҚР Қарулы күштерінің Жаяу әскері бас қолбасшысының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2017 жылдан.

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және медальдармен марапатталған.­


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT