2 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
2017 жылғы 2 қазан 06:30

2 қазан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2017 жылғы 2 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

2 қазан. ДҮЙСЕНБІ

Бүкіләлемдік сәулет күні

Халықаралық сәулеткерлер одағының (ХСО) бастамасымен тойланады. Бастапқыда ХСО-ның 1985 жылғы отырысында жыл сайын 1 шілде күні Бүкіләлемдік сәулет күнін тойлау туралы шешім шығарылған болатын. Ал 1996 жылы Халықаралық сәулеткерлер одағының Барселонада өткен ХХ бас Ассамблеясында Бүкіләлемдік сәулет күнін тойлауды қазанның бірінші дүйсенбісіне ауыстыру туралы қарар қабылданды.

Гвинея Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1958)

Гвинея - Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Гвинея-Бисау, Сенегал және Малимен, шығысында және оңтүстік-шығысында Кот-д'Ивуармен, оңтүстігінде Либерия, Сьерра-Леонмен, батысында Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы - Конакри қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - сили. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент.

Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 6 маусымда орнатылды.

Бүкіләлемдік ауыл шаруашылығы жануарларының күні

Бұл мереке 70 жылдан аса уақыттан бері аталып келеді. Көптеген елдерде табиғат қорғау ұйымдарының бастамасымен үй жануарларына қамқорлықпен қарау мәселесіне байланысты көптеген заңдар қабылданды. Содан бері өркениетті елдерде үй жануарлары отбасы мүшесі ретінде есептеледі. Олар да жақсы тамақ ішіп, медициналық көмекке құқығы, тіпті мейрамдары бар.

Зорлыққа қарсы халықаралық күн

БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан 2007 жылғы 27 маусымда (БҰҰ A/RES/61/271 қарары) белгіленді. 2007 жылдан бастап жыл сайын 2 қазанда күш қолданбау философиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күнінде атап өтіледі.

Осы халықаралық күннің мақсаты, Бас Ассамблеяның қарарында айтылғанындай, бейбітшілік, төзімділік, түсіністік және күш қолданбау мәдениетін бекітуге қол жеткізу. Қарар барша адамды осы күнді тойлауға шақырады.

Халықаралық әлеуметтік педагог күні

2009 жылдың мамыр айында Копенгагенде әлеуметтік педагогтардың XVII Халықаралық конференциясы болып өтті. Бұл шараға 44 елдің өкілдері қатысты. Конференция барысында барлық әлеуметтік педагогтардың халықаралық мерекесін бекіту шешімі қабылданды.

Халықаралық дәрігер күні

Жыл сайын қазанның бірінші дүйсенбісінде Халықаралық дәрігер күні тойланады. Бұл күн бүкіл әлемнің дәрігерлерінің белсенді қызметі мен тілектестік күні ретінде атап өтіледі.

Осы мейрамды ұйымдастыру бастамасын көтергендер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен «Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық медициналық гуманитарлық ұйымы болды.

АҚШ-та бала денсаулығы күні

Қазанның бірінші дүйсенбісінде атап өтіледі. Бұл күні АҚШ президенті сөз сөйлеп, елдегі балалар денсаулығы мәселелеріне қатысты бүкіл ұйымдар мен мекемелерді Бала денсаулығы күніне арналған шараларды өткізу үшін бірігуге шақырады.

Мұндай шаралардың негізгі міндеті - жұртшылықтың (ең алдымен ата-аналардың) назарын Америка Құрама Штаттарындағы барша балалардың денсаулығын сақтау мен дамытуға арналған жыл бойы өтетін шаралардың аса қажеттігіне аудару.

Италияда Аталар мен әжелер күні

Италия Еуропада Аталар мен әжелер күні ұлттық деңгейде тойланатын алғашқы ел болды. 2005 жылдан бастап Италияда La Festa dei Nonni деп аталатын осы мейрам әр жылы тойланады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1980 жылы Целиноград қаласында (қазіргі Астана) тың және тыңайған жерлерді игерудің 25 жылдығына орай Қазіргі заманғы өнер музейі ашылды. Алғашқы 500 шығармалар топтамасын Алматы қаласында өткен «Жер және адам» атты Бүкілодақтық көрме сыйға тартты. Бүгінгі таңда, музейде Қазақстан, Ресей және ТМД елдері шеберлерінің 3 000-нан астам өнер туындылары бар.

1982 жылы Нұрғиса Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестр құрылды. Оркестр ғасырлар бойы баға жетпес мәдени мұра боп келе жатқан қазақ ұлттық музыкалық аспаптарының бай қорымен танысу мүмкіндігін береді.

«Отырар сазы» оркестрінде домбыра мен қобыздан тыс жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, сондай-ақ асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, қайрақ сияқты соқпалы аспаптардың дауысынан сусындауға болады.

1991 жылы ғарышқа ұшпай тұрып-ақ, Кеңес Одағының Батыры атанған жерлесіміз, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров КСРО ғарышкер-ұшқышы Александр Волков, Австрия Республикасының азаматы Франц Фибек үшеуі «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Сонымен қатар осы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Байқоңыр ғарыш айлағынан республиканың Ұлттық аэроғарыштық агенттігін құру туралы жария етті.

1992 жылы Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан халықтарының Достық үйі ашылды. Достық үйін Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев ашты. Ол республикада осындай алғашқы үй болды.

1992 жылы ТМД-да жаңа үлгідегі алғашқы жоғары оқу орны - Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институты ашылды.

1993 жылы Алматыда «Қазақстан халықтарының бірлігі» одағының І съезі өтті.

2009 жылы Қазақстан ашық дауыс беру жолымен 2 жыл мерзімге Стандарттау жөніндегі халықаралық кеңеске сайланды.

Қазақстанның кандидатурасы ИСО Кеңесіне АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы және тағы басқа елдердің аттарынан ұсынылды. «ИСО Кеңесінің жұмысына атсалысу біздің елімізге және орталықазиялық өңірдің барлық еліне халықаралық стандарттау саласындағы стратегияларды талдауға және қалыптастыруға, жаһандық мәселелерді шешуге қатысты өз идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді».

Ұйым 700-ден астам халықаралық ұйыммен ынтымақтастықта және әлемнің 162 елінің басын қосып отыр. Ал ИСО Кеңесіне 18 ел кіреді.

2012 жылы Петропавлда қазақтың даңқты ақыны Мағжан Жұмабаевтың трагедиялық тағдыры жайлы деректі фильмнің түсірілімі басталды.

Шығарманың сюжеттік желісі Мағжанның туған жерін шексіз сүйетін күрескер ақын ретінде қалыптастырған өмір жолына құрылған.

Түсірілім жұмыстары Петропавлдағы Мұхтар Әуезовтің музей үйінің аумағында жүргізілді. Түсірілім тобының мүшелері Мағжанның туған жері Сарытомар ауылында болды.

2013 жылы Астанада айына 2 рет екі тілде (қазақша және орысша) шығып отыратын «Елордалық білім беру» педагогикалық газетінің таныстырылымы өтті.

2013 жылы Алматыда Қазақстан киноакадемиясының ресми түрде ашылуы өтті.

2013 жылы Астанада «D'arts» саңырау актерлардың тұңғыш кәсіби театры ашылды.

Бүгінгі таңда труппа мүкіс және нашар еститін сегіз актердан құралған.

2014 жылы Атырауда Қоғамдық келісім және достық үйі ашылды. Онда облыста қызмет ететін 17 этномәдени бірлестіктің барлығы орналасқан. Оның салынуына жергілікті билік 170 млн теңге қаржы бөлді.

2015 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында ресми салтанат барысында жаңа өнім - параксилолдың бірінші партиясы алынды.

2016 жылы Мексика Құрама Штаттарының Депутаттар конгресінде (Мексика Парламентінің төменгі палатасы) Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінің бастамасымен «Мексика-Қазақстан» парламенттік достық тобының ресми құрылу салтанаты болды.

1941 жылы Мәскеуді жаулауға арналған гитлерлік жоспар - «Тайфун» операциясы басталды. Гитлер әскерлеріне «үш жарым айда, қыс түспей жатып, жауды жеңеміз. Барлық дайындық аяқталды. Бүгін бұл жылдың ең шешуші соғысы болады» деп хабарлаған болатын. Екі айдан соң Мәскеу түбінде кеңес әскерлерінің қарсы шабуылына ұшыраған ол, енді Мәскеуді жоюды емес, өз армиясын аман алып қалуды ойлады.

ЕСІМДЕР

null 94 жыл бұрын (1923-1986) жазушы, қазақ әдебиетінде шырғалаң оқиғалы детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының ардагері ТОҚАЕВ Кемел дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1948-1984 жылдары Жамбыл облыстық газетінде қызметкер, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде жауапты хатшы, «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде редактор, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ведомстволарының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметтерін атқарған. Соғыс тақырыбы мен қазақтың құқық қорғау органдары қызметкерлері өміріне арналған «Тасқын», «Болашақ туралы ойлар», «Көмескі із», «Түнде атылған оқ», «Таңбалы алтын», «Жұлдызды жорық» атты повестер жинақтары, «Соңғы соққы», «Солдат соғысқа кетті», «Ұясынан безген құс» романдары жарық көрген. Сонымен қатар «Қыс қарлығашы», «Арнаулы тапсырма», «Сарғабанда болған оқиға», «Шоқ Жұлдыз» шығармаларының авторы. Тоқаев - детектив жанрында «Қызыл комиссар», «Қылмыскер кім?», «Сиқырлы сырлар» атты пьесалар жазған. Бірқатар шығармалары шетел тілдеріне аударылған.

І, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

null 91 жыл бұрын (1926-1983) кинорежиссер, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері ҚАРСАҚБАЕВ Абдолла дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1947-1983 жылдары «Қазақфильм» студиясында режиссер болып «Ана мен бала», «Егер біздің бәріміз де...», «Қанатты сыйлық», «Ботагөз» атты көркем фильмдерді түсіруге қатысты. Тарихи тақырыпқа «Қилы кезең», «Даладағы қуғын» секілді фильмдерді, «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Менің ағам», «Қатарыңнан қалма», «Оу, ковбойлар», «Алты жасар Алпамыс», «Балалық шақтың кермек дәмі» көркем фильмдерін, сонымен қатар «Қазақ халқының қолөнері», «Торғай шеті», «Черкасск қорғаны», «Ақтөбе», т.б. деректі фильмдер қойған.






null 73 жыл
бұрын (1944) баскетболшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, қазақтан шыққан түңғыш Олимпиада чемпионы ЖАРМҰХАМЕДОВ Әлжан Мүсірбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Шыршық ауданы Табақсау ауылында туған. 1970-1974 және 1976-1980 жылдар аралығында КСРО-ның, 1972 жылы Мюнхендегі (Германия), 1980 жылы Мәскеудегі (КСРО) Олимпиада ойындарының, 1967, 1971 және 1979 жылдары Еуропа чемпионы.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.






null 62 жыл
бұрын (1955) кескіндемеші, Қазакстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, (1990) Қырғызстанның және Ресей (2001) көркемсурет академиясының толық мүшесі ТӨЛЕПБАЙ Ерболат дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Ленгер ауданындағы Қасқасу ауылында туған. 1973 жылы Қазақ ұлттық педагогика институтының көркем-графикалық факультетін бітірді. "Маңғыстау күнделігі" (1978), "Суретшінің жастық шағы" (1980), "Санагүл", "Жазғы жайлаудан оралуы (екеуі де 1981), 1941 жылдың хабары", "Түрксіб" (екеуі де 1982), "Жазушы Ш.Айтматов" (1983), "Сүгір" (1986), "Дүйсен және Мария", "Жібек жолы", "Екеуі" (1990) т.б. кескіндемелік еңбектері өткен өмір мен бүгінгі күннің рухани өзара байланысын ғажайып ұлттык дүниетаным тұрғысынан танытады. 1974 жылдан бұрынғы Кеңес одағы және халықаралық көрмелерге, соның қатарында АҚШ, Бельгия, Германия, Италия, Қытай, Үндістан, Франция т.б. елдерде үйымдастырылған көрмелерге өз картиналарымен ұдайы қатысып келеді. Кескіндемешінің туындылары Қазақстан Мемлекеттік өнер музейінде және Ресей музейлерінде, ТМД, Азия, Америка мен Еуропадағы жекеменшік коллекциялар қорында сақтаулы. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).


null 61 жыл
бұрын (1956-2000) ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі БАЙМҰҚАНҚЫЗЫ Ботагөз дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Орал қаласындағы А.Пушкин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Ақынның шығармалары облыстық, республикалық басылымдарда жарияланған. «Бес қоңырау», «Мәңгі көктем», «Наздәурен», «Ғұмыр Дария» атты жыр жинақтары жарық көрген.









null 56 жыл
бұрын (1961) Павлодар облыстық сотының төрағасы СМАҒҰЛОВ Мұхтар Керімқұлұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Іле ауданындағы Николаевка ауылында туған. 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
1981 жылдан сот жүйесінде қызмет істейді. Еңбек жолын Алматы қаласындағы Калинин аудандық сотының сот мәжілісінің хатшылығынан бастап, кейін сот орындаушысы, заң кеңесшісі болған. 1991-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің сот органдары басқармасында заң кеңесшісі, 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы төрелік сотының кадр бөлімінің аға заң кеңесшісі, Алматы қалалық төрелік сотының мемлекеттік төрешісі, судьясы. 1994-1995 жылдары Алматы қалалық сотының судьясы, 1996-2002 жылдары Алматы қалалық сотының шаруашылық істер жөніндегі алқасының төрағасы болған. 2002 жылғы ақпан айынан 2007 жылғы 26 наурызға дейін Маңғыстау облыстық сотының төрағасы, 2007 жылдың наурыз айынан 2011 жылдың қарашасына дейін Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 25 қарашадағы №183 Жарлығымен Атырау облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды. Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың ақпан айынан бастап.
Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісімен және «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

null 54 жыл бұрын (1963) ҚР Қарулы күштерінің Жаяу әскері бас қолбасшысының орынбасары ҚОЙБАҚОВ Талғат Мамыртайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Шу ауданы,Taнa ауылында туған, генерал-майор. (2009). Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1985), ҚР ҚК Әскери академиясын (2002), РФ Бас штаб Әскери академиясын (2011) бітірген. Оңтүстік әскерлер тобы 20624 әскери бөлімі барлау взводының, Түркістан ӘО 83328 әскери бөлімі тәртіп взводының, Республикалық Ұланның рота командирі, батальон командирінің орынбасары, жеке батальон, салтанат батальоны, полк командирі, әскери қызметінің бастығы (1989-2000), мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасының командирі, мотоатқыштар дивизиясының командирі, ҚР ҚМ ШБК жедел жоспарлау департаменті басқармасы бастығының орынбасары, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскери қолбасшысының орынбасары - Штаб бастығы, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, бірінші орынбасары, РФ ҚК Бас штаб академиясының тыңдаушысы (2000-2001), 2001 жылдың шілдесінен ҚР ҚМ әскери дайындық және әскери кызмет департаментінің бастығы. 2012-2016 жылдары ҚР Қарулы күштерінің «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы маусым айынан. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен және медальдармен марапатталған.­

null 43 жыл бұрын (1974) Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары АЗБАЕВ Бағдат Оразалдыұлы дүниеге келген.

Ол Алматы облысында туған. Қазақ аграрлық университетін (орман шаруашылығы инженері) (1997), Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (экономика және бизнес бакалавры) (2010) бітірген.

Еңбек жолын 1997-2001 жылдары Алматы облысы, Үйгентас ауданында «Автотехобслуживание» ЖШС-да механик, бас инженер қызметтерінен бастаған. 2001-2013 жылдары «Астана - көгалдандыру құрылысы» АҚ шебер, прораб, бас директордың бірінші орынбасары, кейін «Астана-Орманы» МКК директоры; 2013-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау министрлігінің орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы болып істеген; 2014-2015 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы.

«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен наградталған.

Қазіргі лауазымын 2016 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.

null 148 жыл бұрын (1869-1948) Үндістан ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі және идеологы Мохандас Карамчанд ГАНДИ (Махатма ГАНДИ) дүниеге келді.











null 66 жыл
бұрын (1951) танымал ағылшын әншісі, композитор СТИНГ (шын аты-жөні Гордон Мэттью) дүниеге келді.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT