+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

2 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 2 қаңтар 07:00
Бөлісіңіз:
2 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 2 қаңтарға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1968 жылы «Вечерний Алматы» қалалық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым қала әкімшілігі мен мәслихатының, қоғамдық және мәдени ұйымдарының тұрмысындағы жаңалықтарды, кәсіпкерлік, іскерлік, сауда және көлік саласындағы ақпараттарды жариялап тұрады. 1988 жылдың 1 маусымынан қазақ тіліндегі нұсқасы – «Алматы ақшамы» жарық көре бастады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Инженерлік академиясы құрылды. Оның президенті болып қоғам және мемлекет қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Өмірбек Жолдасбеков сайланды.

1992 жылы Норвегия корольдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мойындады.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше болды.

2007 жылы Қазақстан Рамсар конвенциясына қол қойған 154-ші ел болды. Құжатқа 2007 жылдың 2 қаңтарында қол қойылды. Қол қойылған күннен бастап төрт адан кейін 2 мамырда күшіне енді. Қазақстандағы бірінші рамсарлық нысан, Ақмола облысының Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі, 1976 жылы халықаралық маңызға ие сулы-батпақты алқаптардың тізіміне енді.

2011 жылы Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш рет Еуропа онкологтар мектебінің стратегиялық серіктесі болды. ЕОМ құрлықтың осы саладағы барлық кәсіби мектептерін біріктіреді.

2015 жылы Эстонияның Астанадағы елшілігі НАТО-ның Қазақстандағы байланыс елшілігіне айналды. Оның басты міндеті – НАТО қызметі және мақсаттарымен таныс, сондай-ақ елдегі байланыстарды нығайту. Эстония елшілігінің НАТО байланыс елшілігі ретінде қызмет жүргізуі Солтүстік Атлантикалық альянстың елімізге деген сенімін айғақтап, оның байланыс арналарын кеңейте түседі.

2015 жылы Еуразия экономикалық одағының сайты www.eaeunion.org мекенжай бойынша іске қосылды. Спйт Одақтың барлық қатысушы елдердің ұлттық ана тілдерінде армян, белорус, қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді. Сондай-ақ сайттың ағылшын тіліндегі нұсқасы да бар. Сайтта ЕЭО қатысушы елдер Армения, Беларусия, Қазақстан және Ресей туралы ақпараттар жиналған. Сонымен қатар ұлттық экономиканың басымдылығы туралы мәліметтер жарияланған.

2020 жылы Қостанай облысы Қостанай ауданының Затобол кенті аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылды және Тобыл қаласы болып атауы өзгертілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT