+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

2 айда ЖІӨ өсімі 3,5 пайыз болды - Руслан Дәленов

2019 жылғы 12 наурыз 10:16
Бөлісіңіз:
2 айда ЖІӨ өсімі 3,5 пайыз болды - Руслан Дәленов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың екі айында жалпы ішкі өнім өсімі 3,5 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы осы жылғы 2 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім серпіні жылдамдады. Инфляция нысаналы дәлізде сақталып отыр. Инвестициялар қайта өсе бастады. Ал халықаралық резервтер тұрақты деңгейде. Осылайша, жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,5 пайызға жылдамдады. Қаңтарда ол 2,9 пайызды құраған болатын. Мұндай серпін тауарлар өндірісінің өсуімен, сондай-ақ қызмет көрсету секторының өсуімен қамтамасыз етілді. Олардың жалпы ішкі өнімнің өсіміне салымы сәйкесінше 0,91 және 2,19 пайыздық тармақты құрады», - деді министр.

Оның айтуынша, инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде сақталды. Жылдың басынан бері ол 0,8 пайызды, ал жылдық мәнде 4,8 пайызды құраған. Инвестициялар серпінінде өзгеріс болды. Егер ол өткен айда төмендесе, есепті кезеңде олардың өсуі 4,2 пайызға жетті.

«Өсім машиналар мен жабдықтарды сатып алумен, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының компрессорлық станциясының құрылысымен байланысты», - деді ол.

Министрдің дерегінше, ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, елдің халықаралық резервтері 88,8 млрд АҚШ долларын құрады.

«Оның ішінде алтын-валюта резервтері 30,6 млрд АҚШ доллары және Ұлттық қордың активтері 58,2 млрд АҚШ доллары болды», - деді Р.Дәленов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT