2 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады. 

АСТАНА

10.00-де Мәжілісте палатаның Қаржы және бюджет комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы Экономикалық саясат кеңесінің бірлескен отырысы өтеді.

11.00-де Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігінің басшысы Джордж Крол Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтонға сапары және АҚШ пен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастық келешегі жөнінде журналистерге арналған «дөңгелек үстел» өткізеді.

11.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен және мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің қатысуымен Ведомствоаралық комиссияның заң жобалық қызмет мәселелері бойынша кезекті отырысы өтеді.

16.00-де «Алау» мұз сарайының баспасөз орталығында Халықаралық мотоцикл федерациясы ұйымдастыратын мұздағы мотожарыс бойынша әлем чемпионатының финалын өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

 

АЛМАТЫ

09.30-да Алматы қалалық сотында 2017 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша Алматы қалалық соты судьяларының кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де «The Ritz-Carlton, Almaty» қонақ үйінде «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтеді. Онда әлемдік трендтер мен бағыттарды ескере отырып, ТМД елдерінің экономикасын цифрландыруды дамыту бойынша бірлескен ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

11.00-де «Гранд Меломан» дүкенінде жаңа кітаптың - Үстіртке арналған қалта нұсқаулығының тұсаукесері өтеді.

11.00-де  Құрманғазы атындағы ҚҰК Камералық залында 2018 Happy Chinese New Year Tour концерттік туры аясындағы баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Rixos Almaty» қонақ үйінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы басталады.  Отырыс соңында қорытынды құжаттарға қол қойылып, баспасөз брифингі өтеді.

19.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қытай ұлттық опера, би және драма театры Халық аспаптары оркестрінің Үлкен қытайлық жаңажылдық концерті өтеді.

 20.00-де Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында "Спарта Номад" КВН командасының алматылықтармен фанаттық кездесуі өтеді. Команда мүшелері КВН премьер-лигасындағы жеңіс туралы әңгімелеп, болашақтағы жоспарларымен бөліседі, сондай-ақ ең белсенді фанаттар арасында естелік сыйлықтарын ойнатады.


КӨКШЕТАУ.

11:00-де  "Достар" мәдениет сарайында Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев тұрғындар алдында есеп береді. Жиынға Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысады.

Соңғы жаңалықтар