2 ақпан күні елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 ақпан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

11.00-де «Ramada By Wyndham» Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖДСП) кезектен тыс XX съезі өтеді.

11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясы филиалдарының тіркелуіне байланысты партияларды сайлауға қатысуға жіберу және сайлауда халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері бойынша отырыс өткізеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық жетістіктерін кеңінен насихаттау және елімізде меценаттық және қайырымдылық институтын дамыту» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Ұлттық Дельфий Комитетінің директоры, #EREKSHETeatr авторы және продюсері Құралай Түспекова; «Ім-ишарат тілінде ән айту» номинациясы бойынша Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар алқасының төрағасы Хасан Исраил; «Сән дизайны» номинациясы бойынша Ұлттық Дельфий ойындарының қазылар алқасының төрағасы Қайролла Әбішев; #EREKSHEteatr режиссері, Ұлттық Дельфий ойындарының режиссері Бақытжан Тәжінов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де «Астана Опера» театрында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай гала-концерт туралы брифинг өтеді.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Құнанбай» драмасы ұсынылады.

19.00-де «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «COVID-19» хореографиялық қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Жастар театрында «Ғашықтар» драмасы қойылады.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Театр әлемі» концерт қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Номад Сити Холл театрында «Ауыл хикаялары» драмасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар