2 адамнан ақпаратты құпия алатын тыңшылық заттар тәркіленді - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Контрафакт» жедел-профилактикалық шарасы аясында 146 заңсыз аудио-видео өнімдері тәркіленіп, 12 контрафактілік іс анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері Қазақстан аумағында қолдануға тыйым салынған арнайы техниканы таратудың 2 фактісін анықтады. Яғни жазу, түсіру және т.б.  шпиондық техника түріндегі портативті жабдықтар  тәркіленген. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 399-бабына сәйкес, сот алды тергеу басталды.  Яғни,  ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар