+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

2,4 млн азаматқа карантин кезінде табысынан айырылғаны үшін бір реттік төлем жасалды

2020 жылғы 28 тамыз 10:15
Бөлісіңіз:
2,4 млн азаматқа карантин кезінде табысынан айырылғаны үшін бір реттік төлем жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 28 тамыздағы жағдай бойынша шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты біржолғы төлем тағайындауға 2 млн 602 мыңнан астам адамнан өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтк қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Еңбек министрлігі ел азаматтарынан Әлеуметтік қамсыздандыру кодексіне ұсыныстар жинайды Қазақстанда мүгедек және асыраушысынан айырылғандарға 300 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 391,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 384,4 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 602 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 687,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 413,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 666,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,6 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,5 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 270,6 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 497,3 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 393,4 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 390,9 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT