2,3 млн қазақстандыққа 42 500 теңге біржолғы төлем берілді – Еңбек министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2,3 млн-нан астам қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 531 мың бірегей өтініш қабылданды. Төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 308,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 290,8 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды», делінген хабарламада.

2 млн 531 мың өтінімнің ішінде:

– 834,9 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 651 мың адам Egov.kz порталы және Telegram бот арқылы;

– 390,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 654,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

- 0,2 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,9 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 239,1 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 457,2 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 315,7 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 308,3 мың қазақстандыққа аударылды.


Соңғы жаңалықтар