2,3 млн гектар жайылым жер заңнамасын бұза отырып берілген – Бас прокурор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Прокуратура органдары жайылым жерлерді бөлу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовтің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Президент тапсырмасына сәйкес прокуратура жайылым жерлерді бөлу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі кезеңде прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жалпы аумағы 2,3 млн гектарды құрайтын 3,5 мың жайылым учаскесін анықтады», - делінген Ғизат Нұрдәулетовтің жауабында.

Сонымен қатар ол соңғы 3 жылда пайдаланылмайтын 12 млн гектар жайылым анықталғандығын атап өтті.

«Соңғы үш жылдың ішінде прокуратура органдары ел аумағында жалпы ауданы 12 млн гектар 26,5 мың пайдаланылмай жатқан жайылымды анықтады. Қабылданған іс-шаралардың арқасында ауданы 3,6 млн гектар 2,4 мың учаске (кадастырлық құны 8,8 млрд теңге) мемлекетке қайтарылды.4,6 мың учаскені игеру басталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар