+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

2,25 млн қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды

2020 жылғы 10 тамыз 09:31
Бөлісіңіз:
2,25 млн қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2 млн 25 мың қазақстандық карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«10 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша шілдеде шектеу шарасын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 508 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 257,3 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 241,6 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды», делінген хабарламада.

2 млн 508 мың өтінімнің ішінде:

– 835,1 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 641 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 381,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 650,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 231,1 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 441,8 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 282 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 257,3 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алушыларға 0,5 ЕТЖ – 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақы төленеді.

2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тан біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT