+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

«2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімге арналған

2020 жылғы 19 мамыр 12:58
Бөлісіңіз:
«2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары кімге арналған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мемлекеттік бағдарлама пәтерлерінің кімге берілетінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда қала күніне орай үй кезегінде тұрған 265 адам баспаналы болды Ақтөбеде «5-10-20» бағдарламасы бойынша алғашқы адам баспана алды

«11 мамыр күні Мемлекеттік комиссия отырысында баспана құрылысындағы мәселелерді шешу, оның ішінде «Отбасы банк» ұлттық институтын құру туралы тапсырма берілді. Оның басты идеясы - баспанасы жоқ әрбір қазақстандықтың орталыққа жүгініп, өз табысына сәйкес қолжетімді баспана алу мүмкіндігі. Іріктеу азаматтардың санатына қарай емес, нақты табысына қарай жүргізіледі», - деп түсіндірді Б. Атамқұлов Үкімет үйінде өткен брифингте.

Министр алғашқы топқа табысы төмен азаматтардың енетінін айтты. Отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі - 31 200 теңгеден келетін отбасы арендалық баспананы алады.

Отбасының әр мүшесіне күнкөріс деңгейінің екі есе көлемі - 62,4 мың теңгеден келсе, олар «2-10-20» бағдарламасымен 2% баспана ала алады.

«Әр адамға күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінде - 96 700 теңгеден келетін табысы бар азаматтар 5-10-20 бағдарламасымен баспана ала алады. Ал күнкөріс деңгейінің 3,1 көлемінен де жоғары табыс түсетін отбасы - 7-20-25 бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерде пәтер алады, бұл - нарықтық ипотека», - деді Б. Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT