+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

2,1 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге біржолғы төлемін алды

2020 жылғы 4 тамыз 11:20
Бөлісіңіз:
2,1 млн-нан астам қазақстандық 42 500 теңге біржолғы төлемін алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінге дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға табысынан айырылған азаматтардан 2,4 млн өтініш қабылданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
3,3 мыңнан астам медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлем алды Түркістан облысында 120 мыңнан астам адамға АӘК автоматты түрде тағайындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, т өлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2,4 млн өтінімнің ішінде:

– 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

– 609,3 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 347,4 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 628,9 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

– 206,7 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

– 1 млн 379 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 158 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 142 мың қазақстандыққа аударылды.

Бұл ретте Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты МӘСҚ-тан біржолғы төлем алатын 799,6 мың адамға қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) – 21 250 теңге тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Жақын арада ақшалай қаражат азаматтардың шоттарына аударылады.

Бұған дейін хабарланғандай, 2020 жылдың шілдесінде МӘСҚ-тен біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Карантин ұзартылғаннан кейін біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT