+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

2,1 млн адам мемлекеттен нақты қолдау алды - Біржан Нұрымбетов

2019 жылғы 9 желтоқсан 10:48
Бөлісіңіз:
2,1 млн адам мемлекеттен нақты қолдау алды - Біржан Нұрымбетов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Атаулы әлеуметтік көмек қанша көлемде артқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені ашылды

«Атаулы әлеуметтік көмекті реформалауға дайындық Дүниежүзілік банкпен ынтымақтастық шеңберінде үшінші кезеңде басталды. Осылайша, 2014-2017 жылдар аралығында елімізде кезең-кезеңімен «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылды, нәтижесінде көмек алушылар үшін әлеуметтік келісімшарттар жүйесі, көмек алу шарттары, сондай-ақ табысы аз отбасыларды сүйемелдеу практикасы енгізілді. Осы мақсаттарда бюджеттен 14,8 млрд теңге бөлінді. АӘК бойынша реформаларды 2018 жылы жалғастыра отырып, біз АӘК тағайындау құқығын (кедейлік шегін) анықтау үшін табыс деңгейіне қойылатын өлшемдерді алғаш рет өзгерттік, ол ең төмен күнкөріс деңгейінің 40-тан 50 пайызға дейін көтерілді. Нәтижесінде, АӘК алушылар саны 20 есе артты (2017 жылмен салыстырғанда- авт.). Биыл 27 ақпанда Елбасының «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында АӘК тағайындау тетігі өзгертілді», - деп тоқталды министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Атап айтқанда, осы жылғы 1 сәуірден бастап кедейлік шегі 50-ден 70 пайызға дейін өсті (14 849-дан 20 789 теңгеге дейін); табысы аз отбасынан шыққан әрбір балаға АӘК мөлшері 20 789 теңге көлемінде белгіленген.

Сонымен қатар, шартсыз ақшалай көмек көрсету мерзімі 3 айдан 6 айға дейін, шартты ақшалай көмек 6 айдан 12 айға дейін ұзартылды.

«Биылғы қараша айының басындағы жағдаймен, шамамен 456 мың отбасы немесе 2,1 млн адам мемлекеттен нақты қолдау алды. Бұл осы жылғы 1 тоқсандағы ұқсас көрсеткіштерден 7,7 есе артық. Тағайындалған АӘК орташа мөлшері де 1,8 есе артты. Алғашқы рет бюджетте АӘК төлеуге 245 млрд теңге көзделген», - деді Б. Нұрымбетов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT