1970 жылдары шығарылған 500-ге жуық ескі өрт техникасы әлі қолданылып жүр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы 5 жылда тек 305 өрт сөндіру көлігі сатып алынып, 621 техника есептен шығарылды. Үкімет қаулысымен бекітілген «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» осындай деректер келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің қарамағында әртүрлі функционалдық мақсаттағы 3 875 автотехника, 119 713 құрал-жабдық, 33 әуе кемесі бар. 1970-1990 жылдары шығарылған 500-ге жуық өрт техникасы пайдалану ресурсын тауысқан және есептен шығарылуға тиіс. Соңғы 5 жылда тек 305 өрт сөндіру автомобилі сатып алынды, бұл ретте 621 техника есептен шығарылды. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы 80% құрайды, оның 65% жаңартуды талап етеді», - деп кешенді жоспарда бүгінгі таңдағы жағдай баяндалған.

Бұрын хабарлағанымыздай, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен ТЖМ әскери қызметшілерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және материалдық базаны жаңартуға бағытталған 5 жылдық кешенді жоспар бекітілді.


Соңғы жаңалықтар