USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

193 мемлекет алғаш рет жасанды интеллект бойынша келісімге қол қойды

2021 жылғы 28 қараша 16:44
Бөлісіңіз:
193 мемлекет алғаш рет жасанды интеллект бойынша келісімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЮНЕСКО-ға кіретін барлық 193 ел жасанды интеллекттің қауіпсіз дамуы мен қолданылуын қамтамасыз ету үшін қажетті жалпы құндылықтар мен қағидаттарды анықтайтын тарихи құжатты мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Нарықта мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін едәуір жеңілдететін және олардың автономиясын кеңейтетін көптеген құрылғылар бар.

Жасанды интеллектке негізделген технологиялар біздің күнделікті өмірімізде кеңінен қолданылады: рейстерді брондау, банк несиесін алуға өтінімдерді ресімдеу кезінде, борттық компьютермен басқарылатын автомобильдерде. Жасанды интеллект қатерлі ісік ауруын диагностикалау және мүгедектер үшін инклюзивті орта құру сияқты мамандандырылған салаларда кеңінен қолданылады.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, үкіметтер шешім қабылдауда, аштық пен климаттың өзгеруі сияқты проблемалармен күресуде жасанды интеллектті қолдануда. Сонымен бірге, ЮНЕСКО бұл технология «бұрын-соңды болмаған проблемаларды» тудыруы мүмкін деп ескертеді.

«Біз гендерлік және этникалық тұрғыдан теріс ұғым көріністерін, сондай-ақ жеке өмір мен бостандықтың бұзылуын, жаппай бақылау қаупін және құқық қорғау органдарының жасанды интеллект технологиясын теріс пайдалануын байқап жатырмыз. Осы уақытқа дейін теріс пайдалануды шектейтін әдістер, бірегей стандарттар болмаған», - делінген ЮНЕСКО мәлімдемесінде.

ЮНЕСКО-ға мүше елдер қабылдаған құжат жасанды интеллект технологиясының этикалық дамуын қамтамасыз ету үшін құқықтық инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған.

«Әлемге белгілі бір жасанды интеллектті қолдану ережелері қажет. Біз қабылдаған құжат әлемде алғашқы жаһандық нормативтік база орнатып, мемлекетке оны қолданғаны үшін жауапкершілік жүктейді», - деді ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT