191 млрд теңгеге есептелген мемлекеттік сатып алу заңнамасы бұзылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 4 айында 191 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзушылығы анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«4 айдың қортындысы бойынша камералдық бақылаумен жалпы сомасы 3 трлн 603 млрд теңгеге 592 мың мемлекеттік сатып алу процедуралары қамтылды. Тексеру қорытындысы 11 855 процедура бойынша сомасы 191 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу заңнамасының бұзушылығы анықталды. Осы бұзушылықтарды жою үшін аудит нысандарына 11 758 хабарлама жолданды», - деді 2019 жылдың 4 айындағы мемлекеттік бюджетінің атқарылу қорытындысы туралы баяндаған Әлихан Смайылов.

Министрдің айтуынша, нәтижесінде 175 млрд теңгеге бұзушылықтар түзетілді. Сонымен қатар, 1 139 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Олар 234 млрд теңге бюджет қаражатын қамтыды.

32 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

«Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу, есеп бойынша көрсету жолымен 27,6 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар қалпына келтірілді. Аудит нысандарының қызметтерін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 980 ұсыныс берілді. Олардың 566 орындалды. Аудиттің қорытындылары бойынша, сомасы 19,1 млрд теңгеге 157 материал процессуалды шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды», - деді Ә.Смайылов.

Соңғы жаңалықтар