19 жастағы студенттің қазасы бойынша тексеру жұмыстары қатаң бақылауда - Алматы ІІД

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 19 жаста 8 қабаттан секіріп мерт болған қыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстарын ерекше бақылауға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда айғақтар мен дәлелдерді жинауға бағытталған жедел тергеу әрекеттері жүзеге асып жатыр. Осы шаралардың нәтижесінде процессуалды шешім қабылданатын болады. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын қалалық ІІД тергеу бөлімінің мамандары жүргізіп жатыр. Тергеу амалдарының барысы қатаң бақылауға алынды», - деді Салтанат Әзірбек.

Қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек аталған оқиғаға байланысты адамдарға алдын ала қорытынды шығармауды өтінді.

Айта кетейік, 19 жастағы бойжеткенге туыстары іздеу жариялаған. Олар қызды біреу алып қашуы мүмкін екендігін айтқан. Бойжеткеннің өлі денесі Алатау ауданынан табылды.

Кейін белгілі болғандай, қыз 8 қабаттан секіріп кеткен. Полиция бойжеткенді біреулер алып қашты деген қауесетті жоққа шығарды. Бойжеткен жігітпен кездесуге өз еркімен келген.

Соңғы жаңалықтар