19 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2022 жылғы 18 тамыз 19:48

19 тамызда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 19 тамыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-де Rixos President Astana қонақүйінде бірінші Орталық Азия волонтерлері форумының жалпы сессиясы өтеді. Жиынды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырады.

10.00-де ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтында Қазақстан-Әзірбайжан сарапшылар кеңесінің алғашқы отырысы өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың Әзербайжанға жоспарланған сапары қарсаңында өтеді.

11.00-де елордалық Достық үйінде балалар жылы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы «Мектепке жол – Бар мейірім балаға» ұранымен республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Дене шынықтыру және спорт саласында қабылданып жатқан шаралар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР МСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, ҚР МСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова, ҚР МСМ Спорт және Дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында өтетін «Kids EXPO. Балалар әлемі» көрме-жәрмеңкесіне арналған шара өтеді.

15.00-де «Астана – жаңа қала» АЭА №1 Индустриялық паркі аумағында лак-бояу өнімдерін шығаратын зауыттың салтанатты ашылуы өтеді.

15.00-де ZOOM алаңында «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» атты оңтүстік облыстардың өңірлік форумы өтеді. https://us02web.zoom.us/j/86897847755?pwd=S0lranc4Q2I4K1J4Q1dGVjFzeGFudz09

15.00-де Алтын Орда бизнес орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірленіп жатқан жаңа Су кодексі жобасы шеңберінде су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік қадағалауды енгізу бойынша қоғамдық талқылау өткізеді.

15.00-де «Барыс-Арена» мұз сарайында «Нефтехимик» және «Автомобилист» хоккей командалары кездеседі.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Дәстүр мен уақыт» атты қазақ қолөнер көрмесінің ашылуы өтеді.

19:30-да «Барыс-Арена» мұз сарайында «Барыс» және «Металлург» хоккей командалары ойын өткізеді.

АЛМАТЫ

11.00-де KASE алаңында «Эмитент күні» жобасы аясында «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Людмила Атамұратовамен онлайн кездесу өтеді. Ол еліміздің ең ірі телеком-операторының 2022 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметінің қорытындыларын ұсынады.

14.00-де «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы нәтижелері жөнінде баспасөз брифингін өткізеді. Спикер – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ержан Мұқанов.

15.00-де қазақстандық «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығының орталық кіреберісі алдында қалалық ұтқырлық басқармасы электросамокаттар жүргізу мектебін ашады.

[18:20, 18.08.2022] Сая: ок


Фото: www.istockphoto.com

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT