+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

19 тамыз. Туған күн иелері

2019 жылғы 19 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
19 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


56 жыл бұрын (1963) алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, марафоншы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат ЖЫЛАНБАЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Оның есімі ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті мәрте тіркелген. Негізгі мамандығы - суретші.

Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипедпен, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафон) бастап, сол жылы Ресейдің Барнауыл қаласында 85 шақырымды 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өткен. Рекордтар кітабына енген жетістіктері: 23 күнде 23 марафондық қашықтықты жүгіріп шықты (күніне 42 шақырым 195 метр), кейін 15 күнде 30 марафон, жарты жылда 75 марафон және бір жылда 226 марафондық қашықтықты еңсерді. Еуропаның ең биік шыңы - Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен 7 күнде шықты. 20 күнде ұзындығы 1200 шақырымдық Қарақұм, 24 күнде Африкадағы қашықтығы 1700 шақырымдық Сахара шөлдерін кесіп өткен. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтсе, 1994 жылы АҚШ-тың Невада штатындағы үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992-1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшысының қатарына енді.


52 жыл бұрын (1967) «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры Динара Нұрсұлтанқызы ҚҰЛЫБАЕВА дүниеге келді.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 1998 жылы ҚМЭБИ-де іскерлік әкімші магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы «Халықаралық үлгідегі мектептерде білім жүйесін басқарудың әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры. 2001 жылдан «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан «ҚБТУ» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы. «Парасат» орденінің иегері.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT