19 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 19 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 72 жыл бұрын (1946) «Ақыл-ойы мен физикалық дамуы бұзылған балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсік-еңбекпен оңалту орталығы (САТР Орталығы» ЖШС) бас директоры Роза Айтжанқызы СҮЛЕЙМЕНОВА дүниеге келді.

Гурьев қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының дефектология факультетін бітірген (1969), Мектеп мұғалімі және логопеді. Педагогика ғылымдарының докторы (2001). 100-ден астам жарияланымның, кітаптардың, 26 оқу-әдістемелік құралдың, 15 мектеп оқулығының, мүмкіншілігі шектеулі балалар мәселелері жөніндегі 63 мақаланың авторы.

1970 жылдан - КСРО ПҒА дефектология ҒЗИ-ы аспирантурасында оқыған. 1974 жылдың қаңтар айынан - КСРО ПҒА дефектология ҒЗИ-ның кіші ғылыми қызметкері. 1974 жылдың қараша айынан - Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының оқытушысы. 1977 жылдан - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аға оқытушысы, дефектология кафедрасының меңгерушісі, арнаулы педагогика кафедрасының доценті.

1992 жылдан бері - Ұлттық ғылыми-практикалық коррекциялық педагогика орталығының бас директоры (2006 жылдан - «Коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы») 2009 жылдан - «САТР орталығы» ЖШС (ақыл-ой және дене кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік адаптация және кәсіби-еңбек реабилитациялау орталығы) бас директоры.

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялы қолдау көрсету туралы» Заңын дайындау жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары (1999-2002). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының диссертациялық кеңес мүшесі (2002 жылдан). ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы қоғамдық эксперттер Палатасының мүшесі. «World Association for Infant Mental Health», «Қазақстан Үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясы» (ҚҮҰК), «Азаматтық Альянс» қауымдастықтарының мүшесі.

«Ерен еңбегі үшін» (2002), Ы. Алтынсарин атындағы медальдарымен, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР білім беру ісінің озаты.

null 70 жыл бұрын (1948) ҚР Теңіз көлігі кәсіпкерлері қауымдастығының президенті АНДРЮЩЕНКО Александр Иванович дүниеге келді.

Талдықорған тумасы.

Алматы байланыс электр техникумын (1967), Қазақ политехникалық институтын (1978) бітірген. «Астана» медалімен (1998 ж.) және «Құрмет» орденімен (2001ж.) наградталған.

Еңбек қызметі және иеленген лауазымдар туралы мәліметтер: Алматы құрылыс материалдары комбинаты: инженер, аға инженер-конструктор, директордың орынбасары (1963-1981жж.); Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігі: бөлім бастығы, бастықтың орынбасары, бас басқарманың бастығы (1981-1988жж.); «Қазгипрожабдықтау» институты, «Модуль» ҒӨБ: бас инженер (1988-1990жж.), Қазақ КСР Құрылыс материалдары өнеркәсібі министрлігі: күрделі құрылыс бас басқармасының бастығы (1990-1992жж.); «Құрылыс материалдары»: МАК, «Құрылыс материалдары» холдингтік компаниясы: вице-президент (1992-1994жж.), «Қазақстанның телевидениесі және радиосы» республикалық корпорациясы, вице-президент (1994-1995жж.); Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі: департамент директоры, Экономика министрінің орынбасары (1995-1997жж.), Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі: Төрағаның орынбасары (1997-1998жж.); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі: бөлім меңгерушісі (1998-1999жж.), Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі, вице-министр, бірінші вице-министр (1999-2003жж.), «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, вице-президент (2003-2006жж.), «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКҚК» АҚ, бас директордың орынбасары (2006-2007жж.), «Қазақстан темір жолы» АҚ, Қаржы жөніндегі басқарушы, вице-президент (2007-2008жж.). 2008-2012 жылдары «Темірсервис» ЖШС директоры. 2012 жылдан қазіргі қызметінде.

null 69 жыл бұрын (1949) «Бекарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент Аманжол ЗЕЙНУЛЛИН дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Әр түрлі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп орындарында жауапты қызметтер атқарған. 1992-1994 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында сабақ берген.

Ол Батыс Қазақстан облысының саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласып, «Қазақ тілі» қоғамының, «Азат» қозғалысының жергілікті бөлімшелерін ұйымдастыруға жетекшілік жасаған. 1997 жылы «Еділ-Жайық қазақтары қауымдастығын» құрып, орыс-қазақ тілдерінде «Еділ-Жайық» газетін шығарған. Оның 20-дан астам ғылыми-танымдық еңбегі жарияланып, мал тұқымын асылдандыруға байланысты зерттеу жұмыстарына 2 авторлық куәлік берілген.

null 67 жыл бұрын (1951) график-кескіндемеші Ағымсалы Дүзелханұлы ДҮЗЕЛХАНОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы В.И.Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушысы.

Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакатты безендірген. «Томирис», «Сақтар», «Айман - Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан», «Әйтеке би», «Қазыбек би», «Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Дүзелханов Қазақстан Мемлекетінің сыйлығын (2002), Абай, Әлішер Навои атындағы сыйлықтарының иегері. Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған. Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істейді.

null 56 жыл бұрын (1962) Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Жақайұлы ӘБІЛОВ дүниеге келді.

Түрікменстанда дүниеге келген. 1980-1985 жылдар аралығында М.И.Калинин атындағы Түрікмен ауылшаруашылығы институтын көк өнім және жүзім шаруашылығы мамандығы бойынша бітірді.

1986-1989 жылдар аралығы Красноводск қаласында облыстық ауылшарушылық қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінде нұсқаушы. 1989-2002 жылдар аралығы Красноводск аудандық атқару комитетінде аға экономист, табиғатты қорғау және экология инспекциясында бастық, денсаулық, білім және әлеуметтік мәселелер бойынша бөлім бастығы, іс басқармасының бастығы. 2002-2003 жылдар аралығында Маңғыстау поселкесі әкімінің орынбасары. 2003-2007 жылдар аралығы Маңғыстау поселкесінің әкімі. 2007-2010 жылдар аралығы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары. 2010-2015 жылдары Мұнайлы ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың шілдесінен бері.

null 55 жыл бұрын(1963) алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, марафоншы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат ЖЫЛАНБАЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Оның есімі ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында «Гиннестің рекордтар кітабына» жеті мәрте тіркелген. Негізгі мамандығы - суретші.

Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипедпен, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафон) бастап, сол жылы Ресейдің Барнауыл қаласында 85 шақырымды 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өткен. Рекордтар кітабына енген жетістіктері: 23 күнде 23 марафондық қашықтықты жүгіріп шықты (күніне 42 шақырым 195 метр), кейін 15 күнде 30 марафон, жарты жылда 75 марафон және бір жылда 226 марафондық қашықтықты еңсерді. Еуропаның ең биік шыңы - Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен 7 күнде шықты. 20 күнде ұзындығы 1200 шақырымдық Қарақұм, 24 күнде Африкадағы қашықтығы 1700 шақырымдық Сахара шөлдерін кесіп өткен. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтсе, 1994 жылы АҚШ-тың Невада штатындағы үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992-1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшысының қатарына енді.

null 54 жыл бұрын (1964) ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Асқар Болатұлы БАТАЛОВ дүниеге келді.  

Алматы сәулет-құрылыс институтын (1986) «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша және Мәскеу инновация менеджменті академиясын (1999) «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988-1991 жж. - № 1 АДК зауыты цехының қалыпшысы, шебері, аға инженер-технологы; 1991-1994 жж. - Алматы қ. Алатау ауданының Бірыңғай тапсырыс қызметінің директоры; 1997-1998 жж. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік инвестициялар жөніндегі комитетінің бас менеджері; 1998-2005 жж. - «Қазинвест» Қазақстан инвестицияларға жәрдемдесу орталығы» РМК директоры, «Қазинвест» ЖАҚ президенті; 2005-2007 жж. - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі; 2007-2009 жж. - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы; 2009-2011 жж. - «Каzoilenergy», ЖШС Бас директоры, Астана қ.; 2011-2012 жж. - «Кен-Сары» ЖШС Бас директоры, Астана қ.; 2012-2017жж. - Еуразиялық экономикалық комиссиясы Көлік және инфрақұрылым департаментінің дирекоры, Мәскеу қ.; 2017 жылғы сәуірден қазіргі қызметінде.

null 51 жыл бұрын (1967) «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры Динара Нұрсұлтанқызы ҚҰЛЫБАЕВА дүниеге келді.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 1998 жылы ҚМЭБИ-де іскерлік әкімші магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы «Халықаралық үлгідегі мектептерде білім жүйесін басқарудың әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры. 2001 жылдан «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан «ҚБТУ» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы.  «Парасат» орденінің иегері.

null 72 жыл бұрын (1946) америкалық мемлекеттік және саяси қайраткер, АҚШ-тың 42-ші президенті Билл КЛИНТОН дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар