+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

19 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 19 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
19 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 19 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2008 жылғы 11 желтоқсандағы арнайы қарарымен жариялаған.

2009 жылдан бері жыл сайын тамыздың 19-нда атап өтіледі. 2003 жылы осы күні БҰҰ-ның Бағдаттағы штаб-пәтеріндегі жарылыстан 22 адам қаза тапты. Соның ішінде, БҰҰ-ның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу де бар.

2009 жылы атап өтілген Бірінші Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні басқаларды құтқару кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналды.

Дүниежүзілік фотография күні.

Бұл күнді 2009 жылы Корске Ара есімді австралиялық фотограф ұсынды.

1839 жылы 9 тамызда француз суретшісі, химик, өнер танушы Луи Дагар дагеротип алу үрдісі - жарық сезгіш металл пластинка бейнесін ұсынды. 19 тамызда Франция билігі оны «әлемге сыйлық» деп жариялады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымына 180-ші мемлекет болып кірді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнату жөніндегі нота алмасылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

1993 жылы «ОңтүстікҚазмұнайгаз» бірлестігінің геологтары Қызылорда облысындағы «Құмкөл» кен орнынан мұнайдың кенін тапты.

2005 жылы Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірде автокөлік қозғалысы ресми түрде ашылды.

Жаңа көпір алты жолақты қатардан тұрады. Бір бағыттағы жолдың ені - 11,5 метр, ал бір жолақтың ені - 3,83 метр. Жаңа көпiр Үлбi көпiрiнен көлiк ағымын жеңілдетті.

2011 жылы Алматыда төтенше жағдайларға ден қою және апаттың тәуекелін азайту бойынша Орталық Азиядағы орталығын құру туралы келісімге ресми қол қою рәсімі өтті.

2011 жылы «Боран» десант-шабуылдаушы тобының жауынгерлері мерт болған жолдастары, сержант Ардақ Қазиевке арнап ескерткіш қойды. Обелиск сержант қызмет еткен 2022 әскери бөлімінің аумағында орнатылды. Қайғылы оқиға 2011 жылы 26 маусымда Кеген шатқалында болған еді. Сол күні «борандықтар» Қазақстаннан Қырғызстанға өтіп бара жатқан контрабандалық дизель отыны тиелген автоцистерналарды ұстаған болатын. 

2012 жылы Қарағандыдағы бокс орталығына Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің есімін беру туралы шешім қабылданды және тұңғыш рет «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы бекітілді. Бірінші нөмірді Серік Сәпиев, екінші нөмірді оның бапкері Александр Стрельников алды.

2013 жылы Таразда Қазақстандағы алғашқы «Азия елі» халықаралық жерлестер фестивалі өтті. Оған бұрынғы «жамбылдықтар» (АҚШ, Германия, Ресей, Украина, Грекия және т.б. елдерден) жиналды.

2014 жылы «Балалар жаңа толқыны» халықаралық байқауы аяқталды. Қазақстандық Мұхаммедәлі Жүгінісов лайықты өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды. 2014 жылы байқауға 11 елден 17 жас орындаушы қатысқан еді.

2014 жылы танымал халықаралық «Great Value Colleges» ұйымы зерттеулерінің нәтижесі бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған 50 университеттерінің қатарына еніп, 31 орынға табан тіреді.

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданының Қарақаба жазығында Халықаралық түркі академиясының ұйымдастыруымен «Алтай - алтын бесік» алғашқы халықаралық археологиялық экспедициясы іске қосылды.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі «proof» сапасымен «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан 500 теңгелік номиналмен «Сексеуіл» ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығарды.
2017 жылы «Қазақфильмнің» түсіру тобы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы қарсаңында фильм түсіру мақсатында Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылына барды.

2018 жылы қазақстандық төрт мектеп оқушысы 6 жастан 16 жасқа дейінгі 450 адам қатысқан Иордания UCMAS менталды арифметикадан 10-шы ұлттық байқауынан жеңіспен оралды. Бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысынан Әлинұр Құдайбергенов (2007 ж.т.), жас ерекшеліктері бойынша екінші орынды Дәулет Ізберген (2005 ж., Атырау облысы) мен София Ерметова (2009 ж.т., Түркістан облысы) иеленді, ал үшінші орын Сафина Ерметоваға (2004 ж.т., Түркістан облысы) бұйырды.

2018 жылы қазақстандық семсерші Дмитрий Алексанин Индонезиядадағы Джакарта мен Палембангте өткен Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол жекелей сында индонезиялық Дерри Сееханды 5:2, тайландтық Коракоте Чайды 15:9, қырғызстандық Роман Петровты 15:10, вьетнамдық Дан Фуокты 15:7, кореялық Джин Сан Чжунгты 15:12 және Сан Ён Пакты - 15:12 есебімен тізе бүктірді. 26 жастағы Дмитрий Алексанин отандық спорт тарихында Азия ойындарының жекелей сындағы чемпионы атанған алғашқы семсерші болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT