Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 352.54 EUR 415.15
RUB 5.31 CNY 51.53

19 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2018 жылғы 19 тамыз 07:00
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 19 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады. 19 тамыз, ЖЕКСЕНБІ

Қазақстанда спорт күні

Тамыздың үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Қазақстандағы спорт күні мемлекет тарапынан кең қолдауға ие спортқа деген құрмет ретінде пайда болды.

Қазақстандағы спортты дамытуға спорттық жетістікті ынталандыру, бұқаралық спорт аясын кеңейтуге бағытталған саясат ықпал етуде.

Ауғанстанның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1919)

Ауғанстан - Азияның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанмен, шығысында Қытай, Үндістанмен, шығысында және оңтүстігінде Пәкістанмен, батысында Иранмен шектеседі. Астанасы - Кабул қаласы. Мемлекеттік тілі - пушту, дари тілдері. Ақша бірлігі - афгани.

Қазақстан мен Ауғанстан мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 12-інде орнатылды.

Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні

БҰҰ Бас Ассамблеясы 2008 жылғы 11 желтоқсандағы арнайы 63/139 қарарымен жариялаған.

Оны 2009 жылғы 5 наурызда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жариялады. Тамыздың 19-нда атап өтіледі. 2003 жылы осы күні БҰҰ-ның Бағдаттағы штаб-пәтеріндегі жарылыстан 22 адам қаза тапты. Соның ішінде, БҰҰ-ның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу де бар.

2009 жылы атап өтілген Бірінші Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні басқаларды құтқару кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналды.

Дүниежүзілік фотография күні.

2009 жылы Корске Ара есімді австралиялық фотографтың құрметіне белгіленді.

1839 жылы 9 тамызда француз суретшісі, химик, өнер танушы Луи Дагар дагеротип алу үрдісі - жарық сезгіш металл пластинка бейнесін ұсынды. 19 тамызда Франция билігі оны «әлемге сыйлық» өнертабысы деп жариялады.

Дүниежүзілік үй-күйсіз жануарлар күні

Тамыздың үшінші сенбісінде атап өтіледі. Жұртшылықтың назарын үйсіз-күйсіз жануарлар проблемасына аудару үшін Халықаралық мал құқықтары қоғамының бастамасы бойынша бекітілді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымына 180-ші мемлекет болып кірді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынасты орнату жөніндегі нота алмасылды.

1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Словакия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

1993 жылы «ОңтүстікҚазмұнайгаз» бірлестігінің геологтары Қызылорда облысындағы «Құмкөл» кен орнынан мұнайдың кенін тапты.

1998 жылы Алматыда композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2003 жылы Оралда Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының бірінші конференциясы өтті.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Туған жер» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Мақсат - ауыл экологиясының мәселесін шешу, қазіргі ауылдық инфрақұрылым құру.

2005 жылы Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірде автокөлік қозғалысы ресми түрде ашылды.

Жаңа көпір алты жолақты қатардан тұрады. Бір бағыттағы жолдың ені - 11,5 метр, ал бір жолақтың ені - 3,83 метр. Жаңа көпiр Үлбi көпiрiнен көлiк ағымын жеңілдетті.

2007 жылы Астанада «Болашақ-2007» тұңғыш спартакиадасы болып өтті. Оған Халықаралық стипендия иегерлері қатысты.

Ұйымдастырушысы - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Шараның мақсаты - стипендиаттар қатарын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының бас жоспары ғылыми-зерттеу институты» МҚК-ге барды, онда елорданы одан әрі дамыту, қаланың заманауи коммуналдық, әлеуметтік, көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

2010 жылы Павлодар көркемөнер мұражайында Абай Құнанбаевтың 165 жылдығына арналған «Ақынмен серуен» атты көрме ашылды.

Экспозицияға А. Құнанбаевтың 125 жылдығын атап өту кезінде құрылған қазақстандық кестелердің авторлық альбомдарынан парақтар ұсынылды, атап айтсақ: Борис Пак, Альберт Гурьев, Андрей Дячкин, Исатай Исабаев және т.б.

2010 жылы Баянауыл тауларында «Ертіс меридианы - 2010» Қазақстан және ТМД елдері туристерінің республикалық слетінің ашылу рәсімі өтті.

2010 жылы Алматыда Сара Назарбаеваға ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Қазақстанның өскелең ұрпағына рухани-танымдық білім беруде, ана мен баланы қорғауда қосқан зор еңбегі үшін «Достастық жұлдызы» наградасын табыс етті.

2011 жылы «Салынып жатқан Назарбаев зияткерлік мектептерінің дирекциясы» құрылды. Құрылтайшысы - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» автономдық білім ұйымы болды.

2011 жылы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес елдің барлық облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында ҚР Парламенті Сенатының 16 депутатын сайлады. Дауыс беру 39 кандидатура бойынша жүргізілді.

2011 жылы Алматыда төтенше жағдайларға ден қою және апаттың тәуекелін азайту бойынша Орталық Азиядағы орталығын құру туралы келісімге ресми қол қою рәсімі өтті.

2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» Республикалық мекеме базасында заманауи зертханалық жабдықтармен жарақталған және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген Аймақтық вирусологиялық зертхана құрылды.

2012 жылы Қарағандыдағы бокс орталығына Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің есімін беру туралы шешім қабылданды және тұңғыш рет «Қарағанды облысының құрметті азаматы» сыйлығы бекітілді. Бірінші нөмірді Серік Сәпиев, екінші нөмірді оның бапкері Александр Стрельников алды.

2013 жылы Таразда Қазақстандағы алғашқы «Азия елі» халықаралық жерлестер фестивалі өтті. Оған бұрынғы «жамбылдықтар» (АҚШ, Германия, Ресей, Украина, Грекия және т.б. елдерден) жиналды.

2013 жылы Астанада Қашаған кен орнынан өндірілетін газды алып-сату келісімшартына қол қоюдың салтанатты шарасы өтті.

2013 жылы Бұқтырма су қоймасының жағасындағы «Алтай айлағы» демалыс базасында «Экологиялық-туристік бағыт-2013» халықаралық балалар-жасөспірімдер форумы өтті. Оған Шығыс Қазақстаннан және Ресейдің Алтай өлкесінен келген балалар қатысты.

2014 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына сапары барысында талдықорғандық «JLC Сүт» ЖШС сүт зауытына барды. Президент кәсіпорында қолданылатын сүт өнімдерін өндіру технологиясымен танысты. Мемлекет басшысына зауыттың жөндеу жұмыстары, оның қуатының артқаны, жеке сектор есебінен шикізат базасының даму перспективалары жайлы айтылды.

2014 жылы «Балалар жаңа толқыны» халықаралық байқауы аяқталды. Қазақстандық Мұхаммедәлі Жүгінісов лайықты өнер көрсетіп, үшінші орынға ие болды. 2014 жылы байқауға 11 елден 17 жас орындаушы қатысқан еді.

2014 жылы Астанада өткен жастар арасындағы велотрек бойынша әлем чемпионатының алғашқы күнінде үш әлемдік рекорд орнатылды. Жарысқа 32 елден 230-ға жуық жас спортшы қатысты.

2014 жылы танымал халықаралық «Great Value Colleges» ұйымы зерттеулерінің нәтижесі бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған 50 университеттерінің қатарына еніп, 31 орынға табан тіреді.

2015 жылы Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданының Қарақаба жазығында Халықаралық түркі академиясының ұйымдастыруымен «Алтай-алтын бесік» алғашқы халықаралық археологиялық экспедициясы іске қосылды.

2016 жылы Павлодар облысында қазақ этнографы, тарихшы және философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған мәдени-қонақүй кешені ашылды.

2016 жылы ҚР Ұлттық банкі «proof» сапасымен «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» монеталар сериясынан 500 теңгелік номиналмен «Сексеуіл» ескерткіш күміс монеталарын айналымға шығарды.
2017 жылы «Қазақфильмнің» түсіру тобы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойы қарсаңында фильм түсіру мақсатында Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылына барды.

2017 жылы Елбасы Нұрсұтан Назарбаев Ақмола облысындағы Щучинск қаласындағы «Бурабай» гольф-клубының ашылу салтанатына қатысты.

Бөлісіңіз:
Мұрағат