08:00, 19 Шілде 2018 | GMT +6
19 шілдеде Қазақстанның қандай қалаларында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 19 шілде күні Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Астана, Шымкент, Қарағанды және Талдықорған қалаларында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Ал өзге қалаларда ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.